Бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға

№ исх: 02-3119   от: 21.07.2017

Бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілетін жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070002, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, анықтама телефондары/факс: 8(7232)75-32-22, 75-40-43, oblzan@socialvko.gov.kz электрондық мекенжай, «Б» корпусына бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Халықты жұмыспен қамту бөлім басшысы, D-О-3 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне

байланысты 109932 теңгеден 148242 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен. 

Функционалдық міндеттері: Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, қалалық және аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінің Аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмысын үйлестіреді және оның орындалуын талдайды. Мыналарға бақылау жасайды:  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бағдарламасын іске асыру, мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдар үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу және олардың жұмысқа ораналасуына жәрдемдесу, облыс кәсіпорындары мен ұйымдары қызметшілерінің жұмыстан босауын және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыс орындарын сақтап қалу бойынша бекітілген меморандумдардың орындалуына. Еңбек нарығын мониторингілеу, ақылы қоғамдық жұмысты, жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған халықты кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты үйлестіреді. Бос орындар жәрмеңкесін өткізуді ұйымдастырады, «Парыз», «Еңбек күні» сайысына ұйымдар мен кәсіпорындар қатысуын ұйымдастыруды бақылайды. Облыс әкімі, қызметшілер бірлестігі және жұмысберушілер арасындағы үшжақты келісім шартты бекітуге қатысады. «Мақсаттар мен міндеттерге» қол жеткізу бағыты бойынша іс-әрекеттену тиімділігін бағалау бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты мониторингілеу және қамтамасыз ету. Басқарма басшылығы өз құзыреті шегінде жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары құқық саласындағы мамандықтар (заңгерлік, халықаралық құқық), немесе техникалық ғылыми және технология саласы, немесе әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес саласындағы мамандықтар (қаржылық, есеп және аудит, экономикалық, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе қызмет көрсету саласындағы мамандықтар (әлеуметтік жұмыс), немесе ауылшаруашылығы ғылыми саласы, немесе білім саласы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай келуі тиіс:

1)                 мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарға қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)                 осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3)                 А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-3, Е-G-1 санаттарынан төмен емес

мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда  немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4)                 мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық

деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5)                 осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс

өтілі үш жылдан кем емес;

6)                  жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы

Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7)                 Ғылыми дәрежесінің болуы.

 

2. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметшінің бала күту бойынша демалыс мерзіміне): D-О-4 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын құрастырады және веб-порталда орналастырады. Басқарманың мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізеді. Келісім-шарттар жасасады. Уәкілетті органдарға тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есеп қабылдайды, өңдейді және ұсынады. Іс қағаздардың, хаттардың жобаларын жасайды. Белгіленген тәртіпке сәйкес өкімдік құжаттардың орындалуынжүзеге асырады. Өз міндеттерін орындау мақсатында ведомствоға бағынысты мекемелерден анықтамаларды, есептерді және басқа құжаттарды сұратады. Тексеру барысында кемшіліктерді жою жолын табады, ұсыныстар енгізеді. «LotusNotеs» базасында электрондық құжатайналымы жүйесінде жұмыс істеу. ИСО талаптарына сәйкес өз лауазымдық міндеттерін орындайды. Басқарма басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес саласындағы мамандықтар (экономикалық, қаржылық, есеп және аудит)

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына» қолма-қол тәртіпте, не почта арқылы, не oblzan@socialvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1)         «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)        3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)        бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4)        еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5)        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6)        Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7)        құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8)        конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9)        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10)    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

            «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізуОсы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

            Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күннің ішінде Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, 209 кабинетке тапсырылуы тиіс.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурс комиссия шешімін қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

            Анықтама телефоны: 8 (7232)75-32-22, s.abakova@akimvko.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

      __________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

       қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________                                          ____________________________________

       (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?