Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің форумы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БҰҰ даму бағдарламасының, көші-қон бойынша халықаралық ұйымының ЮНИСЕФ, ЕҚЫҰ, әйелдер-БҰҰ-ның қолдауымен 2017 жылғы 20 қыркүйек күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің форумын (бұдан әрі-Форум) өткізуді ұйымдастыруда.

форум

Форумның негізгі мақсаттары:

- халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік қызметкерлердің рөлін күшейту;

- олардың заманауи қоғамдағы рөлін және әлеуметтік саланы дамытуға қосқан үлесін мойындау;

- жиналған тәжірибені қорытындылау және сала дамуының негізгі бағдарларын көрсету.

Форумның міндеттері:

- азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсетудің ұлттық жүйесінде озық тәсілдерді таныстыру;

- халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде жұмыс жасайтын халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасу;

- әлеуметтік саланың дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудің кейінгі басым бағыттары бойынша тиімді ұсынымдар мен шешімдер жасап шығару.

Форум қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Форумға қатысушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың, облыс әкімдері орынбасарлары, БАҚ, ІІМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының немесе аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің,  мүгедектігі бар тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша медициналық-әлеуметтік ұйымдардың, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес дағдарыс орталықтарының (кеңес беру орталықтары) басшылары, адам саудасы құрбандарымен  жұмыс бойынша мемлекеттік емес шелтер басшылары, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік бейімдеу орталықтарының басшылары, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін әлеуметтік бейімдеу орталықтарының басшылары мен мамандары, мүгедектермен жұмыс бойынша үкіметтік емес ұйымдардың, мүгедектігі бар тұлғаларға, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасы құрбандарына,   бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға  әлеуметтік қызмет көрсету  саласындағы қоғамдық сарапшылар, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау саласындағы қызмет атқаратын үкіметтік емес ұйымдардың, жоғарғы оқу орындарының, ІІМ академиясының, халықаралық және ұлттық сарапшылар өкілдері шақырылады.

Сіз кім болып жумыс істейсіз?