100 нақты қадам

  «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру үшін 100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының  33 және 84-тармақтарын орындау бойынша ақпарат

 

33-қадам. Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру. Осындай азаматтар үшін арнайыәлеуметтік  қызмет стандарттарын және әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау

 

       «Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және пробация қызметініңесебінде тұрған тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру»100 нақты қадам-ұлт жоспарының 33 қадамын орындау бойынша жұмыспен қамту жөніндегі жұмыс жергілікті атқарушы органдарымен жүргізілуде.

       «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босаған жәнепробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен жұмыс жүргізіледі.Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған жәнепробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар жұмыспен қамту шараларымен қолдау көрсету және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау кезінде басым құқыққа ие.

        2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамту органдарына бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғалардан 253 адам жүгінді, соның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны –53, қоғамдық жұмыстарға жолданғаны – 35, қоғамдық жұмыстарды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамтылғаны–5,оқытылғаны – 34, әлеуметтік жұмыстармен қамтылғаны – 21, мемлекеттік қолдау шараларынсыз жұмыспен қамтылғаны – 41, квота арқылы жұмысқа орналасқаны – 46. Жалпы жұмыспен қамтылғаны 230 адам немесе жүгінгендер санынан 90 %.

       «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған жәнепробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшінжұмыс берушілерге жалпы жұмысшылар есебінен жұмыс орындардың квотасын бір пайыз  мөлшерінде орындау бекітілген. Есепті кезең бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғалар үшін бекітілген 332 квоталанған жұмыс орындарына 46 адам жұмысқаорналасты.

       Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша пробация есебінде тұрған тұлғалардан 125 адам жүгінді, соның ішінде тұрақты жұмыспен – 44 адам қамтылды, қоғамдық жұмысқа қатысушылары болып табылады –50, қоғамдық жұмыстарды аяқтағаннан кейін жұмыспен қамтылғаны – 5, оқытылғаны – 15, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғаны – 4. Жалпы жұмыспен қамтылғаны 113 адам немесе жүгінгендер санынан 90 %.

Есепті кезеңде пробация есебінде тұрған тұлғалар үшін 170 бекітілген квоталанған жұмыс орындарына 82 адам орналасты.

       Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғалар қатарынан қайта қылмыс жасамау, оның себептерін жою және әлеуметтік оңалту мақсатында жұмыспен қамту органдарымен, жазасын өтеп жатқан уақытында түзеу мекемелерінде еңбек нарығына шығуға даяр сотталған тұлғалар үшін ақпараттандыру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Ағымдағы жылы түзеу мекемелерінде 11 кездесу өткізіліп, 18 кездесу жүргізу жоспарға алынды.

      Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғаларды жұмыспен қамту мақсатында түрлі әдіс шаралары қолданылады. Осындай шаралардың бірі– бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі болып табылады.

      2016 жылғы 19 мамырда облыстың барлық аумағындағы жұмыспен қамту бөлімдерімен «Барлығына ортақ еңбек» атты ұранымен жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 192 экономика саласындағы түрлі кәсіпорындар, мекемелер мен облыс ұйымдары қатысты. Жұмыс берушілер 540 жұмыс орындарын ұсынды, жәрмеңкеге қатысушылар саны 1675 адамды құрады. Бас бостандығынан айырыру орындарынан босаған және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қатарынан 61 адам қатысты, соның ішінде жұмысқаорналасуға 33 адамға жолдама берілді, оқыту курстарына 3 адам жазылды.

     Қазіргі таңда бас бостандығынан айырыру орындарынан босаған тұлғаларға мерзімін өтегеннен кейінгі уақытта әлеуметтік көмек көрсету механизмі жоқ.

     Жұмыстың, тұрғын үйдің, бірінші кезектегі қажеттіліктер –– қаражаттың тұрмыстық жайласу, құжаттарды ресімдеуге болмауы, олардың қайта қылмыскерлікке баруының елеулі факторларының бірі.

     Осы мақсатта қоғамда бейімделу және жұмыспен қамту мәселелеріне үкіметтік емес ұйымдарды тартылып отыр. Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлағалар үшін оңалту орталығын ашу мақсатында ғимаратты сатып алуға 17 635 мың. теңге  бюджеттік қаржы бөлінді. Оңалту орталығының құрылуы жұмыспен қамту және әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша осы тұлғаларды қамту санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

     Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен «Пробация қызметінде есепте турған бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет ұсыну»мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 21 070 мың. теңге сомаға,жеңімпазы болып «Антарес А» ҚҚ болып танылды, келісім-шарт18 050 мың. теңгеге  бекітілді.       

    Бас бостандығынан айыру орындарынан босаған жәнепробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды әлеуметтік оңалту мәселесі жергілікті атқарушы органдардың бақылауына алынды.

 

         84-қадам. Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру

 

      2014 жылдан бастап облыста шартты ақшалай көмек (ары қарай - ШАК) төлемдері бойынша «Өрлеу» пилоттық жоба ретінде бастама алған. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 % төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.

      2016 жылғы 1 желтоқсандағы мерзімге «Өрлеу» пилоттық жоба бойынша ШАК-қа 1230 отбасы 5479 адам қатысты, оның ішінде 329 адам атаулы әлеуметтік көмек, 3089 адам мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар және 2061 адам алғаш рет келген аз-қамтылған адамдар. 1648 еңбекке жарамды азамат, олардың 169 адамы жобаға қатысар алдында жұмыстары бар, 1479 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты, оның ішінде 555 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылып, 721 адам Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы бойынша, ақылы қоғамдық жұмысқа 183 адам, 14 адамға әлеуметтік жұмыс орнына, қайта оқыту және қайта даярлауға қатысқандар 5 адам.

Сіз кім болып жумыс істейсіз?