Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25-жыл кезінде әлеуметтік бағыт бойынша басты жетістіктер

      

Халықты жұмыспен қамту

     Шығыс Қазақстан облысында 25 жылда жұмыссыздық деңгейі орташа шамамен 60%-ға дейін төмендеді. Егер 1996 жылы жұмыссыздық деңгейі 13 % болса, 2016 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша 5,0 %  құрады. Бұл оң нәтижеге облыста жаңа жұмыс орындарының құрылуы, жұмыссыз халықты мемлекеттік қолдаудың белсенді шараларына жолдауы, оларды даярлау және қайта даярлаудан өткізуі, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын тиімді іске асыруы нәтижесінде  қол жеткізілді.

 

      «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 5-жылдық көрсеткіші

     Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету»

    «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыт бойынша республикалық бюджеттен 2012-2015 жылдарға 11256,2 млн. теңге 627 жобаны жөндеу үшін бөлінді.

      Білім беру нысандарына – 187 жобаға 3034,8 млн. теңге (26,9%), денсаулық нысандарына – 36 жобаға 795,5 млн. теңге (7,1%), коммуналды-инженерлік инфроқұрылым нысандарына – 84 жобаға 1120,5 млн. теңге (9,9%), мәдениет нысандарына – 59 жобаға 1426,1 млн. теңге (12,7%), дене шынықтыру және спорт мәдениетінің нысандарына – 9 жобаға 46,3 млн. теңге (0,4 %), әлеуметтік бағдарламалар нысандарына – 16 жобаға 298,5 млн.теңге (2,6 %), ОДА және ФАП құрылысы – 22 жобаға 1787,3 млн.теңге (15,8 %) және абаттандыруға -  120 жобаға 1234,3 млн.теңге (10,9 %).

      Жөндеу жұмыстары 620 жоба бойынша аяқталды, 4441 жұмыс орындары құрылды, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2237 жұмыссыз жұмысқа орналасты, бұл (50,3%.) құрайды.

      Бөлінген 11256,2 млн.теңге қаржыдан 11119,8 млн.теңге 98,8% игерілді.

       Екінші бағыт «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру».

      Бағдарлама іске асқан 5 жыл ішінде 6792 қатысушыға 15,7 млрд. теңге микрокредит бөлінді, оның ішінде 4148 адам өз ісін ашты және 2644 адам өз ісін кеңейтті.

      «Жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу» үшінші бағыт: «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асырыла бастаганнан бері 18,3 мың адам оқытумен қамтылды.

       Бағдарламанын қатысушыларын жұмыспен қамту мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарына 11,4 мың адам орналастырылды. Оқу орындарын бітірушілер қатарынан жастар іс-тәжірибиесіне 4,8 мың адам жолданды.

      Үшінші бағытын екінші компоненті «Аумақтық ұтқырлықты арттыру» сәйкесіне асыру бойынша ақпарат.

       Бағдарламаны іске асыру басынан бастап 273 үй (1061 пәтер) салынды, оның ішінде көп пәтерлі үйлер 10 (423), жеке тұрғын үйлер 254 (274) және 9 (364) еңбекші жастарға жатақханалар. Облыс ішінде 2817 адам көшірілген, оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы 1550 адам, 1288 адам жұмысқа орналастырылды немесе 83,1%.

     Әлеуметтік төлемдер

       2002 жылы атаулы әлеуметтік көмек бірінші жылы тағайындалып, алушылардың саны 132 мың адам құрады. 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша алушылардың саны 3625 адам құрады. Он төрт жыл арасында атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 97,2 %-ға азайды.

       2014 жылдан бастап облыста шартты ақшалай көмектің «Өрлеу» жобасы енгізілген болатын, осы жоба әлеуметтік қөмекті, әлеуметтк бейімдеуды және жұмыссыздықтың белсенді түрлерін біріктіреді. Жобаға отбасының жан басына шаққан орташа табысының көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын және әлеуметтік келісімнің шарттарына келісетін отбасылар қатыса алады.

     Шартты ақшалай көмек төлеу бойынша «Өрлеу» жобасына 1011 отбасы немесе 4510 адам тартылды. Барлық шартты ақшалай көмек алушылардың құрамында 1357 еңбекке жарамды адамдар, оның ішінде 140 адам жобаға тартылған кезінде тұрақты жұмысы бар болды, 1217 жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмыссыздықтың белсенды түрлеріне қатысушылар.

      Халықты әлеуметтік қорғау

     Тәуелсіздік жылдарының басында Шығыс Қазақстан облысы бойынша тек 7 медициналық әлеуметтік мекеме жұмыс істеген.  Аталған мекемелермен қатар, 25 жыл ішінде 810 орыны бар облыс бойынша қосымша 8 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету  орталықтары ашылды. Қазіргі таңда мекемелер саны 16 болып, онда 22823 адам арнайы әлеуметтік қызметтер алады.

      1998 жылы облыс бойынша қарттар, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 26 бөлімше болса, қазіргі таңда бөлімшелер саны 71-ге артқан, онда 7259 мүмкіндігі шектеулі адам қызмет алады (1998 жылы бұл көрсеткіш 65 %-ға кем болған).

      Облысымызда қысқа демалысқа арналған «Уба» шипажайы жұмыс істейді, Өскемен қаласынан 80 шақырым жерде Шемонаиха ауданының Выдриха ауылындағы Уба өзенінің бойында орналасқан мекеме 2002 жылдын бастап жұмыс істеп келеді. Жыл сайын онда 5750 ардагерлер мен мүгедектер өз денсаулықтарын жөндей алады. 

       Паспорттау және бейімдеу

      2012-2018 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы бойынша мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмірін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде 2015 жылға жоспарланған барлық нысандар 100-пайыздық паспорттау (354 нысан) мен бейімдеуді (354 нысан) өтті.

       2016 жылы жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылдың паспорттау жоспары 506 нысанды құрайды, оның 352 нысанында (70%) жұмыстар жүргізілді. Бейімдеу жоспары 362 нысанды құрап, 189 нысан (52%) бейімделді.

      «Жетімді интерактивті картасы» порталында бүгінгі таңда 1734 транспорттық және әлеуметтік инфрақұрылым бойынша паспортталған 1772 нысандар бойынша жария етілген, ол 99 % құрайды. Бұл бағыттағы жұмыс нысандар санының ұлғаюына сәйкес жалғасуда.

«Өскемен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«Первомай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«Самар арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«Бородулиха арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«№ 2 Семей арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«Тарбағатай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

 «Риддер  арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«Зимовьев арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«№ 1 Семей арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«Бозанбай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«Өскемен балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

«Аягөз балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?