Отандастардың оралуы

Оралман мәртебесін алу тәртібі

 

Оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.

 

Оралман мәртебесін алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) оралман мәртебесін беру туралы өтініш;

2) өмірбаян (ерікті түрде);

3) өтініш беруші мен онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін (паспорттар, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері);

4) ЖСН.

 

Оралман куәлігінің жарамдылық мерзімі 1 жыл

Оралман мәртебесін тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.

 

         Шығыс Қазақстан облысында оралман мәртебесін алу үшін

Өскемен қаласы, Киевкская көшесі 1 мекенжайына

212-кабинетке жүгіну қажет.

 

         Оралман мәртебесін алу бойынша

анықтама телефоны 8 (72-32) 753299.

Сіз кім болып жумыс істейсіз?