Еліне оралып еңбегі жанғандар

Бақыт Кеңшілік

 Қазақтың ою-өрнегін насихаттап, оны осы заманғы келбетке келтіріп жүрген ат төбеліндей шеберлердің бірі –  Монғолиядан қоныс аударған  Бақыт Кеңшілік.

Ресейдің Брянск қаласындағы құрылыс колледжін  ағаш өңдеу технологі мамандығы бойынша үздік бітірген. Улан-Батордағы Монғолия Ұлттық Мемлекеттік Университетінің көркем бейнелеу өнері факультетінің түлегі. Алматы қаласында өткен «Үкілі домбыра» конкурсының  дипломанты. Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің халықаралық фестивалінің лауреаты.

Шебердің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы сыйкәделер шетелден келген қонақтар арасында үлкен сұраныста.

Бұл қолөнер түрінің ерекшелігі, тұтас ағаштан ойылып, әр өрнегіне қазақтың тарихы, өткен өмір жолы енгізілген. Шебердің «Еркіндік», «Сыр домбыра», «Жан домбыра», «Домбыра құдіреті»,«Шаңырақ», «Азғын» сияқты төл туындылары бүгіннің өзінде Қазақстанға жақсы танымал.

Қазақ қолөнерінің түрін түптеп, тамырынан дөп басқан Бақыт Кеңшілікұлы – тылсым тіршіліктің иірімдеріне терең бойлаған, киелі қолөнер пернелерін дәл тапқан азамат.

Шебердің қолынан шыққан заттардың қатарында қазақтың қасиетті домбырасынан бастап, қобыз, сыбызғы, астау, ожау, бесік, қазақы дөңгелек үстел және т.б қолөнер туындылары кездеседі.

Халқымыздың мәдениетін айшықтайтын өрнектер ұлт құндылығына айналса құба-құп.

 

Самғау Нәсіпхан

 Қазақ "Ерінбеген етікші болады" деп бекер айтпаса керек. Ал, оңай олжа қайда бар?  Тек ниет болса, адам бәрін де үйренеді.

Шығыс өңірінің талантты да іскер жастарының бірі – жас кәсіпкер Самғау Нәсіпхан.

Етік тігуге өмірін арнап келе жатқан шебер өнімнің барлығын қаладан сатып алады. Көбіне етікті құрым, ұлтан былғарыдан тігеді. Сапасына қарай бағасы да басымырақ. - Халықтың сұранысына байланысты қазіргі кезде ұлттық нақыштағы арнайы басылған оюланған етіктер тігіп әзірлеуде.

    "Алла Тағаламыз адамдардың барлығын сегіз қырлы, бір сырлы қылып жаратпағаны шындық. Адам бойындағы дарын, талант та алмаз секілді көрінгеннің қолына түсе бермейтін құндылық. Ал, оны қырлай білу әркімнің өз шама-шарқына, іскерлігі мен талабына һәм жанкештілігіне байланысты" деген ұлағатты сөзді данышпандарымыз осындай еңбекқор, жоқтан бар жасайтын, тағдырдың сынына мойымайтын азаматтарымызға арнап айтқандай. Бүгінгі күнде жастарымыздың көбісі - еңбекқор. Бірақ, жұмыс таппай сенделіп жүргендердің көбісі етік тігу машақаты көп шұқыма жұмыс деп ойлайтын көрінеді.

 Қол шеберлігінің қабілеті зор жас шебер Самғау Нәсіпхан осы күнде «Арлан» атауымен өз қолынан шыққан өнімдерді мақтана көрсетеді.

Самғаудың таланты мен талпынысын жергілікті атқарушы билік жерде қалдырмай, қолдау білдіріп, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасымен  2 миллион теңге  несие алуға көмектесті.

Бүгінгі таңда Самғау республикалық деңгейдегі бірнеше жәрмеңке мен көрмелердің лауреаты, жаңа жұмыс орындарын ашып, арманын кәсібіне ұштастырып отырған жас кәсіпкер.

 

  Құмарбек Естай

 Зергерлік өнер – ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Асыл тас пен моншақтарды пайдаланып, сән салтанат үшін әр түрлі сәндік, зергерлік бұйымдар  жасаған.

Моншақтармен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауды және әсем сәндік жұмыстар тігуді үйреніп, бүгінде сол тәжірибесін іс жүзінде кәсіп етіп отырған қандасымыз – Құмарбек Естай.

 Бұл қолөнер түрі адамды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, нәзіктікке тәрбиелейді. Әсемдікті өз қолымен жасауға деген ықыласының арқасында шебердің жинағында сыйкәделердің түрі 50-ден асып жығылады. Оның ішінде: гүл, балық, ваза, сабын салғыш, дельфин, сырғалар, қалам салғыштар, аққу, қабырғаға іліп қоятын тұмарлар, жүрек, алма, құрақтар, тышқан, кілтке тағатын тұмарлар.

Аталған қолөнер туындыларын Өскемен қаласындағы «Аружан» сауда үйінде ашылған сауда бөлімінен  тамашалап, сатып алу мүмкіндігі бар.

 

Асхар Айнур

Асхар Айнур Асхар Айнур – Монғолия елінің Баян-Өлгий аймағынан қоныс аударған қандас қарындасымыз. 1982 жылы Зейнелхавдал Асхар есімді азаматтың отбасында дүниеге келген. Анасы Тилеубай Лиза кішкентайынан өнерге қызығып өскен баласына қолдау көрсетіп, жан-жақты дамуына жағдай жасаған. Бойжеткен Айнур би саласын таңдап, осы жолда көп еңбектеніп, үлкен жетістіктерге жетіп отыр.  2014 жылы өткізілген Шығыс Қазақстан облыстық оралмандар форумында  республикамыздың басқа аймақтарынан келген қонақтары Айнурдың орындауындағы би әлемінің үздік үлгілеріне риза болды. Қазіргі уақытта Айнур Семей қаласының драма театрының белді актрисасы.

 

 

Ыразхан Гулжан

Ыразхан Гүлжан Ыразхан Гүлжан – Гүлжан Ыразхан Өскемен қаласы бойынша салық басқармасында нан-тоқаш өнімдерін шығаратын жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. 2012 жылғы 1 маусымда жұмысқа кірісті. Наубайхана Алаш көшесі, 33 мекенжайы бойынша орналасқан. 9 жұмыс орны құрылды. Қазіргі уақытта наубайханада 50 мың теңге еңбекақымен 9 адам жұмыс істейді. 9 адамның ішінен 1 ер адам, қалғаны әйелдер. Барлық жұмысшылар 28 тұрғын ауданының тұрғындары, Қытайдан, Монғолиядан көшіп келгендер және 2020 бағдарламасына қатысушылар. Балансында 2 жеке нан тасушы бар. Келесі өнімдерді шығаруға мамандырылған: бауырсақ – тәулігіне 1500 дана және тоқаш тәулігіне 3500 дана. Өскемен қаласының сауда нүктелерінде және «Ивушка», «Заречный» және басқа базарларда шығаратын сатумен айналысады. Шығаратын өнімдерінің түрін кеңейтуді жоспарлауда. Ол үшін торт және басқа кондитерлік өнімдерді жасау бойынша кондитерлердің курстарында оқытудан өтуді жоспарлауда.

 

 

 

 

Сіз кім болып жумыс істейсіз?