Мемлекеттік қызметті басқару туралы есептер

 

Көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру

Еңбек көші-қоны

Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында немесе корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

2018 жылға Квота 1941 бірлік мөлшерінде бекітілді.

Анықтама: I санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары) – 39, II санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 485, III санат бойынша (мамандар) – 647, IV санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 506, маусымдық жұмыстарға – 264.

2018 жылдың қорытындысы бойынша шетелдік мамандарды тартуға 974 рұқсат  берілді.

Рұқсат беру қағидаларының өзгеруіне байланысты 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап рұқсат беру және ұзарту үшін жұмыс берушілерден салық алымы өндіріліп алынады. Осыған байланысты шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі туралы мәлімдеген жұмыс берушілер сұралған квотаны толық көлемде пайдаланбады. Облысқа бөлінген квота 50% (2017 жылы 25%) пайдаланылды. 2018 жылы бюджет кірісіне 189,1 млн.теңге түсті.

Жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде 2019 жылға 2776 бірлік көлемінде шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі қалыптасты, оның ішінде: I санат бойынша – 23, II санат бойынша – 277, III санат бойынша - 839, IV санат бойынша – 602, маусымдық жұмыстарға – 1035.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығымен 2019 жылға бұл квота бекітілді.

2019 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген квота 2018 жылға қарай 43% артты, оның 40% құрылыс саласында. 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігін талдау тамақтану, ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау бойынша қызметтер көрсету саласындағы белсенділік туралы көрсетеді.

Мәселен, тамақтану бойынша қызметтер көрсету бойынша шетелдік мамандарды тарту қажеттілігі 2019 жылы 30-ға дейін артты, 2018 жылы 20 бірліктен (іс жүзінде 14 адам тартылды). Ауыл шаруашылығында ағымдағы жылы 84 бірлік шетелдік жұмыс күшіне квота белгіленді, 2018 жылы жоспар бойынша 14 маман тартылды. Денсаулық сақтау саласында 2018 жылы 2 бірлік 2019 жылы 12 дейін, бұл инемен емдеу және массаж қызметтері.


 

 01.06.2018 жылғы  жағдай бойынша «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызметі бойынша ақпарат

 

 «Оралман мәртебесін беру»

  Шығыс Қазақстан облысына мамыр айында  18  отбасы 42 этникалық оралман отбасы қоныс аударды. Оның ішінде Қытай Халық Республикасынан қоныс аударғандар 14 отбасы (28 адам); Монғолия Республикасынан 2 отбасы (8 адам); Ауғаныстан Республикасынан 2 отбасы (6 адам). Еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар – 28, еңбекке қабілетті жасқа дейінгілері –  14 , зейнеткерлер – жоқ.

 Оралмандардың қоныстануы қала және аудан кесіндісінде

Қала/аудан атауы

Отбасы саны

Адам саны

1

Өскемен қаласы

5

9

2

Семей қаласы

2

6

3

Зайсан ауданы

5

12

4

Ұлан ауданы

2

11

5

Жарма ауданы

3

3

6

Курчатов қаласы

1

1

 

Барлығы

18

42

 


 

2017 жылғы

 жағдай бойынша

«Оралман мәртебесін беру»

мемлекеттік қызметі

бойынша ақпарат

 

 «Оралман мәртебесін беру»

 

 

2017 ж. жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысына 490 отбасы                1007 этникалық оралман отбасы қоныс аударды. Оның ішінде Қытай Халық Республикасынан қоныс аударғандар 419 отбасы (874 адам); Монғолия Республикасынан 44 отбасы (74 адам); Өзбекстан Республикасынан 12 отбасы        (18 адам); Қырғызстан Республикасынан  - 1 отбасы (1 адам). Ауғанстан Республикасынан – 8 отбасы (25 адам). Еңбек етуге қабілетті жастағы адамдар – 663, еңбекке қабілетті жасқа дейінгілері – 325, зейнеткерлер – 19 адам.

 

Оралмандардың қоныстануы қала және аудан кесіндісінде

 

Қала/аудан атауы

Отбасы саны

Адам саны

1

Өскемен қаласы

90

121

2

Семей қаласы

40

69

3

Тарбағатай ауданы

30

123

4

Зайсан ауданы

60

170

5

Күршім ауданы

43

56

6

Үржар ауданы

144

307

7

Ұлан ауданы

44

80

8

Жарма ауданы

11

22

9

Зырян ауданы

1

2

10

Катон-Қарағай ауданы

4

5

11

Көкпекті ауданы

5

12

12

Бесқарағай ауданы

6

21

13

Бородулиха ауданы

3

6

14

Курчатов қаласы

2

2

15

Глубокое ауданы

4

5

16

Шемонаиха ауданы

3

6

 

Барлығы

490

1007

 

 

 

 


 

2017 жылдың қорытындысы бойынша

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламаларды үйлестіру басқармасы тарапынан көрсетілген

мемлекеттік қызметтер туралы аналитикалық анықтама

 

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мемлекеттік қызметтің 2 түрін көрсетеді: "Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту" және "Оралман мәртебесін беру".

Балама негізде мемлекеттік орган және құзырлы мекемелер тарапынан барлығы 1697 қызмет көрсетілген, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы – 1572, «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы арқылы - 125, «электрондық үкімет» порталы арқылы электронды түрде – өтініштер тіркелмеген.

 «Жұмыс берушілерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін не корпоративішілік ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту».

2017 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік орган арқылы 690 қызмет көрсетілген, «электрондық үкімет» порталы арқылы электронды түрде – өтініштер тіркелмеген.

2017 жылы шетелдік қызметкерлерді жұмысқа тарту үшін 690 рұқсат берілген, оның ішінде І санат бойынша – 6, ІІ санат бойынша – 114, ІІІ санат бойынша – 322, ІV санат бойынша – 41, маусымдық шетел қызметкерлері – 205, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 2.  

«Оралман мәртебесін беру».

2017 жылы мемлекеттік орган арқылы 882 қызмет көрсетілген, «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы арқылы – 125.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?