Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдау үшін оралман мәртебесін ұзарту туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен қабылдау үшін оралман мәртебесін ұзарту туралы ақпарат 

 

Ел Басының этникалық қазақтардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша тапсырмасына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға оралман мәртебесінің мерзімі өткен этникалық қазақтарға жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын беру жөнінде жұмыстар жүргізу тапсырылған.

Осындай шараны қабылдау этникалық иммигранттар ортасында әлеуметтік шиеленісті шешіп қана қоймай, олардың қазақстандық азаматтығын алу салдарынан әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының жақсаруына әсер етуіне ықпалын тигіледі.

Сонымен бірге, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 6-3) тармақшасына сәйкес оралман мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады.

Осыған байланысты оралман мәртебесін беру немесе ұзарту мәселелері жататын әкімдіктің тиісті құрылымдылық бөлімшелеріне азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алу үшін мерзімі бұзылуына қарамастан оралман мәртебесін ұзартуды жүзеге асыру қажет.

Аталған жұмысты жүргізу мерзімі 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асыру көзделген.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?