Шетелдік жұмыскердің үлгілік нұсқаулығы

№ исх: 2/13939   от: 07.08.2015

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ

ҮЛГІЛІК НҰСҚАУЛЫҒЫ

  1. 1.     ШЕТЕЛ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

 

1.1.                    Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келген иммигранттардың санаттары

1)    Шетел қызметкерлері – еңбек қызметтерін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс берушілермен тартылған иммигранттар;

2)    маусымдық шетелдік қызметкерлер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңнің (маусымның) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер жұмысқа тартатын көшіп келушілер;

3)    еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер.

 

1.2.         Иммигранттардың негізгі құқықтары мен міндеттері

Құқықтар

  1. Иммигранттар Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға құқылы.
  2. Иммигранттар иммигранттардың кіруіне  рұқсат етілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша еркін жүріп-тұруға құқылы.
  3. Иммигранттар тұрғылықты жерін еркін таңдауға құқылы.
  4. Иммигранттар өздеріне тиесілі мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа және мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.

 

Міндеттер

  1. Иммигранттар барлық азаматтары үшін белгіленген Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға міндетті.
  2. Иммигранттар Мемлекет шекарасынан өткеннен кейін 5 күн ішінде ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті.
  3. Иммигранттар тұрғылықты жері өзгерген жағдайда бұрынғы тіркелген жеріндегі есептен шыққан күннен бастап 5 күн ішінде  жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркелуге міндетті.

 

  1. 2.     ҚАЗАҚСТАНҒА ЗАҢДЫ КЕЛУДІ РӘСІМДЕУДІҢ ТӘРТІБІ

2.1.         Шетел қызметкерінің  келу шарттары

Шетел қызметкерлері:

1)    Кәмелет жаста болуға;

2)    рұқсат беру әрекетінің өтуі бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кетуге қажетті төлем қабілеттілігін көрсетуге;

3)    алдағы жұмысты атқару үшін қажетті білімнің, біліктіліктің және тәжірибенің болуыға;

4)    соттылықтың бар немесе жоқ екендігін растауды ұсынуға;

5)    таңдалған мамандық бойынша еңбек қызметіне кедергі келтіретін аурудың жоқтығын растайтын медициналық анықтаманы ұсынуға;

6)    медициналық сақтандыруының болуына міндетті.

 

2.2.                    Жұмысқа орналасуға және шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің тәртібі

  1. Шетел жұмыс күшін тарту кәсіптік және біліктілік санаттарын бойынша Үкімет белгілейтін квота негізінде жүзеге асырылады.
  2. Жергілікті атқарушы органдар белгіленген квота шеңберінде:

1)    Жұмыс берушілерге шетел жұмыс күшін тартуға;

2)               Шетел қызметкерлеріне жұмысқа орналасуға берілетін рұқсаттарды береді және ұзартады.

  1. Ішкі істер органдары еңбек мигранттарына жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат береді.
  2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыру шетелдік қызметкерлердің жұмысқа орналасуға немесе жұмыс берушілердің шетел жұмыс күшін таруына рұқсат алусыз жүргізіледі.
  3. Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттердің жұмыс берушілері мен (немесе) жұмыстар (қызметтер) тапсырысшылары еңбек қызметін жүзеге асыруға ұлттық еңбек нарығын қорғау жөніндегі шектеулерсіз мүше-мемлекеттердің еңбекшілерін тартуға құқылы. Бұл ретте мүше-мемлекеттердің еңбекшілеріне жұмысқа орналасқан мемлекетінде еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алу талап етілмейді. 

 

2.3.         Шетел қызметкерлеріне келуге виза беру шарттары

  1. Шетел қызметкерлеріне келуге виза жұмысқа орналасуға және шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру негізі мен қолданылду мерзіміне Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі мен шетелдік мекемелері арқылы беріледі.
  2. Қазақстан Республикасымен келу мен болудың визасыз тәртібі туралы келісімді бекіткен мемлекеттерден келген шетелдік қызметкерлердің уақытша тұруына рұқсат ішкі істер органдарымен беріледі.
  3. Шетелдің қызметкерлердің келуі мен уақытша тұруына рұқсат жұмысқа орналасу немесе алдағы жылға шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар болса  ішкі істер органдарымен  бір жылға ұзартылады.

 

2.4.         Иммигранттарды тіркеу

  1. Тіркеу иммигранттың ұлттық паспортының және визаның қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге рәсімделеді.
  2. Шетелдіктің Қазақстан Республикасындағы уақытша тұрғылықты жері ауысқан кезде қабылдаушы заңды немесе жеке тұлға ішкі істер органдарын үш күндік мерзімде ол туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
  3. Тіркеуден:

-         Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының азаматтарының Қазақстан Республикасының аталған мемлекеттермен бекітілген келісіміне сәйкес келген күнінен бастап 30 тәулік ішінде;

-         Украина азаматтары егер мұндай келу Қазақстан Республикасына алғаш келген күннен бастап тоқсан (90)  күннен жүз сексен  (180) күннен аспаса, келген кезде олардың көші-қон карточкасында шекаралық бақылау органдарының белгісі қойылған болса босатылады.

 

  1. 3.     ЕЛДЕ БОЛУ

 

3.1.         Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұру және тұрғылықты жер таңдау

  1. Иммигранттар шетелдіктердің аралауы үшін рұқсат етілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша еркін жүріп-тұра және  Қазақстан Республикасының заңнамаларымне бекітілген тәртіпке сәйкес тұғылықты жерін таңдай  алады.
  2. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында жүріп-тұру тәртібі, сондай-ақ олардың шетелдіктер үшін аралауға тыйым салынған жекелеген өңірлерге (аймақтарға) кіруі Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады.
  3. Қазақстан Республикасында шетелдіктердің болу мерзімін қысқарту туралы шешімді ішкі істер органдарымен қабылданады.

3.2.Шетел қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру кезіндегі міндеттері

1. Шетел қызметкерлері:

1) еңбек, ұжымдық келісім-шарттарға, жұмыс берушілердің актілеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындауға;

 2) еңбек тәртібін сақтауға;

3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;

4) жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;

5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;

7) жұмыс берушіге келтірілген зиянды осы Кодексте белгіленген шектерде өтеуге міндетті.

2. Шетел қызметкерінің өз құқықтары мен бостандықтарын қолдануы Қазақстан Республикасының мүдделеріне, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген міндеттерін орындаудан бөлінбейтін оның азаматтарының мен өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуге тиіс.

3. Шетел азаматтарына:

-  ұлтаралық және дінаралық алауыздықты тудыратын, қоғамдық тәртіп пен халықтың денсаулығын бұзуға бағытталған әрекеттерді жасауға;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға не шетелдік қызметкер жұмысқа орналасуға жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын алғанға дейiн, сондай-ақ еңбекші көшіп келушіге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдары беретін рұқсатты алғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе ерекшеліктерді сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдiктерге Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға;

-  келуге өтініш жасаған кезде өзі туралы жалған ақпарат беруге және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қажетті құжаттарды ұсынбауға тыйым салынады.

 

  1. 4.     ЕЛДЕН ШЫҒУ

Еңбек рұқсатының қолданылу мерзімінің бітуімен шетел қызметкері Қазақстан Республикасынан шығып кетуі тиіс.

 

  1. 5.     ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК

 

  1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық, әкімшілік немесе өзге құқық бұзушылықтарды жасаған шетелдіктер азаматтармен жалпы негіздердегі жауапкершілікке жатады.
  2. Сонымен, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар визада және (немесе) тіркелу кезіндегі көші-қон карточкасында көрсетілген мақсатқа сәйкес емес еңбек қызметін атқарғанын, немесе мұндай рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асырудың қажетті шарттары болып табылатын Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жұмысқа орналасуға рұқсат алусыз жүзеге асырылғанын білдіретін Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшінжиырма бес айлық есесптік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершлік немесе он күнге дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу немесе Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу көзделген.         

Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн жергiлiктi атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiн пайдалану ҚР Әкімшілік кодексінің 519-бабының 1-тармағында көзделген айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

  1. Көші-қон заңын өрескел бұзғаны үшін сот шетелдіктер мен азаматтығ жоқ адамдарды шығарып жіберу туралы шешім шығаруы мүмкін, шығарып жіберуді ұйымдастыруға қажетті мерзімге оларды ішкі істер органдарының арнайы мекемелерінде ұстап тұруға жол беріледі.
  2. Иммигрант оны шығарып жіберу туралы шешімге заңда белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасынан шағым жасауына болады.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?