Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер

«Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» Республикалық сайысы

«Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ әлеуметтік қорғау жүйесі мамандарының беделін арттыру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ең үздік тәжірибені тарату мақсатында ағымдағы жылы «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағын беру үшін екінші республикалық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізілетіндігін хабарлайды.

         Конкурс тоғыз номинация бойынша 2 кезеңде өтеді:

         - «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері»;

- «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері»;

- «Үздік әлеуметтік қызметкер»;

- «Үздік медициналық әлеуметтік мекеме»;

- «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым»

- «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері»,

- «Әлеуметтік саладағы  үздік менеджер-ұйымдастырушы»,

- «Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері»,

- «Үздік мемлекеттікеңбек инспекторы».

        

Конкурсты өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар қоса беріледі.

 

Құжаттар 2019 жылғы 10 қыркүйекке дейін қабылданады, анықтама 753222 телефон арқылы.    

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?