Нормативтік құқықтық актілер

 

 

 

ЖОБА

 

«Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің                

     2017 жылғы 3 қазандағы № 257 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                    23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-15) тармақшасына, «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 501 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Шығыс Қазақстан облысындағы процестерін реттеудің қағидалары туралы»

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 қазандағы № 257 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

3-тармақта:

2) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

«Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны»;

3) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      «Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны».

         2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысындағы              көші-қон процестерін реттеу қағидаларына өзгеріс енгізу Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының бекітуіне ұсынылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының

                         әкімі                                                                                   Д. Ахметов

 

 

                                                          Шығыс Қазақстан

                                          облыстық мәслихатының

2018  жылғы  «____»________

           №____шешімімен бекітілген

 

 

Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу  қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі заңдарына, «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және келісімдерге сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеудің  тәртібін  айқындайды.      

2. Көші-қон процестерін реттеу:

          адамның тұрғылықты жерді еркін таңдау, еңбек ету еркіндігін және қызмет түрі мен кәсібін өз қалауынша таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;

          кету және орын ауыстыру бостандығына;

шығу тегі, әлеуметтік және мүліктік жағдайы немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.

3. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындағанөңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;

2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны

 

 

 

2-тарау. Шығыс Қазақстан облысындағыкөші-қон процестерін реттеу тәртібі

 

4. Өңірлерде көші-қон процестерін мониторингтеу, олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

Өңірдегі көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі жатады.

5. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

         оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын белгілеуге (алып тастауға);

         шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

         оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

6. Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделугежәрдем көрсетуге,оралмандарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған  іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.

8. Мониторингті қамтамасыз ету және көші-қон жағдайының дамуын болжау, жұмыспен қамту, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салумәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады. 

9. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

10. Жергілікті атқарушы органдар жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздерінежүктелетін көші-қон процестерін реттеу саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?