«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖОБА

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және     өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 16152 нөмірімен тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің                          2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 336 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4348, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 ақпанда, 2016 жылғы  22 ақпандағы № 20 (17260), 2016 жылғы 24 ақпандағы № 21 (17261), 2016 жылғы 26 ақпандағы № 22 (17262) «Дидар», 2016 жылғы 20 ақпандағы  № 20 (19772), 2016 жылғы 23 ақпандағы № 21 (19773), 2016 жылғы   25 ақпандағы № 22 (19774) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақта:

15) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«15) «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

19) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«19) «Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

Мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:

«20) «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

аталған қаулымен бекітілген «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

5-тармағы 4) тармақшасының бірінші бөлімінің екінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-іс-қимыл – Мемлекеттік корпорация өтемақыны ақша бойынша операцияларды есепке алу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына аударады. Орындалу ұзақтығы - облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының бөлінісінде өтемақы төлеу кестесіне сәйкес.»;

аталған қаулымен бекітілген «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедектерге                                      сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар, есту аппараттарын баптау және таңдау, сонымен қатар сервистік қызмет көрсетуді қосқанда ұсынуға еркін нысандағы құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;

аталған қаулымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулымен бекітілген «Ақталған адамға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған қаулымен бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 3 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

 аталған қаулымен бекітілген «Жұмыссыздар ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 4 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 5 қосымшаға сәйкес «Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылсын.

2. Облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік  қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының

әкімі                                                                                  Д. Ахметов

  Қосымша

Қосымша жаңа

 

«Әлеуметтік- еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет

 

регламенттерін бекіту туралы»  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы  10 желтоқсандағы  № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысына түсіндірме хат

 

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы  мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс  Қазақстан  облысы әкімдігінің 2015 жылғы   10 желтоқсандағы № 336 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы жобасының салыстырмалы кестесі

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?