2019 жылғы 1 қыркүйекке әлеуметтік төлемдер бойынша ақпарат

Атаулы әлеуметтік көмек

 Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен (2019 жылғы 2 тоқсандағы кедейлік шегі 20 789 теңге) аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек (ары қарай – АӘК) алуға құқығы бар.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап іске асырылуда:

- кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 % - дан 70 % - ға дейін немесе 14 849–дан 20 789 тенгеге дейін көтерілді;

- 18 жасқа дейінгі әрбір балаға, ЖОО-да немесе колледжде күндізгі оқуда оқитын 23 жасқа дейінгі студенттерге атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан кепілді түрде 20 789 теңге төленеді немесе күнкөріс минимумынан 70%.

2019 жылғы 1 қыркүйекке деін ассистентер сұхбат жүргізген халық саны 111 228 адам (22 025 отбасы), олардың арасынан АӘК 91 252 азаматқа (18 995 отбасына) 6,0 млрд. теңге тағайындалды

 

Тұрғын үй көмегі

 2019 жылдың 6 ай ішінде тұрғын үй көмегі 4 072 отбасына төленді, төленген сома 103,3 млн. теңгені құрады. Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 3 171 теңге.

2019 жылғы 1 қыркүйекке Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті,  тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы мәліметтер



Сіз кім болып жумыс істейсіз?