Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау

Жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну

 

Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін алу үшін жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер және естуі бойынша мүгедектер мынадай құжаттарды тапсырады:

1) ОЖБ-дан үзінді көшірмені;

2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;

3) жеке сәйкестендіру нөмірін – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда;

4) мүгедектігі туралы анықтаманы қоса бере отырып, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жеке көмекшінің/ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға өтінішпен жүгінеді.

Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде беріледі, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емделуді талап ететін мынадай аурулар:

-бактерия тарататын туберкулез (БК+);

-жұқпалы тері және шаш аурулары;

-жыныс аурулары;

-адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан (АИТВ) туындаған ауру;

-неврозды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты, ұстамалары сирек (2-3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, жарыместіксіз және жеке тұлғаның білініп бұзылуынсыз орны алатын психикалық бұзушылықтар жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.

      

Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну

 

Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудi жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектер мен мүгедек балаларға мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес санаторий-курорттық жолдама (бұдан әрi – жолдама) беру арқылы жүзеге асырады.

Мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуге арналған құжаттарын ресiмдеудi және есепке алуды аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi жүргiзедi.

Мүгедектер не олардың жазбаша келiсiмiмен басқа адам, сондай-ақ мүгедек балалардың заңды өкілдерi (бұдан әрі – өтініш беруші) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға өтiнiш (бұдан әрі – өтініш) бередi.

Өтінішке мынадай құжаттар:

1) өтiнiш берушінiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

2) мүгедек балалар үшін – жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi және оның заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

3) жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда;

4) денсаулық сақтау ұйымы берген санаторий-курорттық картаның көшiрмесi;

5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);

6) мүгедектігі туралы анықтаманың көшiрмесі және ОЖБ-дан үзiндi көшiрме;

7) мүгедектiң жазбаша келiсiмiмен басқа адам өтiнiш бергенде – оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi қоса беріледi.

 

Мүгедектердi протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету

 

Мүгедектер протездiк-ортопедиялық көмекпен ОЖБ сәйкес қамтамасыз етіледi.

Протездiк-ортопедиялық көмек протездеу, мүгедектердi протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөнiндегi медициналық қызметтер көрсетуден, сондай-ақ оларды пайдалануды үйретуден тұрады.

Протездiк-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұрғылықты жерi бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне (бұдан әрі – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) өтініш (бұдан әрі – өтініш) бередi.

Протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жөндеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен:

- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне, сондай-ақ жеңілдiктер мен кепілдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдарға;

- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде қызметтiк міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған әскери қызметшiлерге;

- iшкi iстер органдарының, ұлттық қауіпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерiн атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдарына;

- жалпы аурудан мүгедек болғандарға;

- бала жасынан мүгедектерге;

- мүгедек балаларға жүргiзіледi.

 

 Протездерге арналған аяқ киiммен қамтамасыз ету

 

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне, сондай-ақ жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдарға тапсырыс берілген сәттен бастан есептегенде, бiр жыл кию мерзiмiмен протездерге арналған бiр пар аяқ киiм беріледi.

Мүгедек балаларға – тапсырыс берiлген сәттен бастап бiр жыл кию мерзiмiмен екi пар (жазғы және қысқы мауыты) аяқ киiм беріледi.

Үшіншi топтағы мүгедектерге мұндай аяқ киiм олардың өз қаражаты есебiнен қолданымдағы бағалар бойынша дайындалады.

 Жеңiлдiкпен не тегiн протездеуге құқығы бар мүгедектер бiр аяғы кесiлген және жұмыс протезiн ғана пайдаланған кезде, белгiленген тәртiппен сау аяғына екi сыңар аяқ киiммен қамтамасыз етіледi.

Мүгедектерге ортопедиялық немесе протездiк бәтеңкелердiң орнына, олардың қалауы бойынша, өз қаражаты есебiнен етiктер дайындалуы мүмкiн.

Бұл жағдайда тапсырыс берушілерге бәтеңке жасауға көзделген сомада етiктің құнына жеңiлдiк беріледi.

 

Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету

 

Мүгедектер сурдотехникалық құралдармен өтініштердің, ОЖБ негiзiнде қамтамасыз етіледi.

Сурдотехникалық құралдармен мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебiнен:

- Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары;

- жеңiлдiктер мен кепілдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдар;

- мүгедек балалар;

- бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедектер қамтамасыз етіледi.

Сурдотехникалық құралдарды алу үшiн мынадай құжаттарды тапсыру керек:

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары – жеке басты куәландыратын құжатты, Ұлы Отан соғысы қатысушысының куәлiгiн және медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысын;

- Ұлы Отан соғысының мүгедектерi – жеке басты куәландыратын құжатты, Ұлы Отан соғысы мүгедегінің куәлiгiн және ОЖБ-дан үзінді көшірмені;

- жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестірiлген адамдар – жеке басты куәландыратын құжатты, жеңілдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгi мен ОЖБ-дан үзінді көшірмені;

- мүгедек балалар – жеке басты куәландыратын құжатты, ата-анасының бiреуiнiң (қамқоршыларының, қорғаншыларының) жеке басын куәландыратын құжатты, ОЖБ-дан үзінді көшірмені;

- бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедектер – жеке басты куәландыратын құжатты, зейнеткерлiк куәлiгiн, ОЖБ-дан үзінді көшірмені ұсынады.

Жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірінің көшірмесі ұсынылады.

 

Мiндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету

 

Міндетті гигиеналық құралдар деп мүгедектердiң табиғи физиологиялық мұқтаждықтары мен қажеттілiктерiн қанағаттандыруға арналған несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, жөргектермен ұғынылады.

Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету өтініштердің және мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге медициналық көрсетілімдерге сай әзірленген ОЖБ негізінде жүзеге асырылады.

Тері қабаты тұтастығының ауқымды бұзылуы, сондай-ақ бұтаралық аумақта тері ауруларының болуы мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен) қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілім болып табылады.

Міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж мүгедектер мынадай құжаттарды:

- ОЖБ-дан үзінді көшірмені;

- өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты;

- мүгедек балалар – жеке басын куәландыратын құжатты, ата-анасының (қамқоршыларының, қорғаншыларының) бірінің жеке басын куәландыратын құжатты;

- жеке сәйкестендіру нөмірін – жеке басын куәландыратын құжатта жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда;

- мүгедектігі туралы анықтаманы қоса беріп, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш жасайды.

 

 

Сіз кім болып жумыс істейсіз?