18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы

«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63 Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жан басына шаққандағы кірісі азық-түлік себетінен аспаған отбасыларына (2017 жылғы 2 тоқсандағы азық-түлік себеті 13546 теңге) көрсетіледі.

Осы Заңның күші Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға қолданылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде он сегіз жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет), оралмандар үшін – оралман куәлігі;

2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзінді көшірме;

3) балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін немесе бала асырап алғанын растайтын құжат;

4) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

5) отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер, өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер және жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер;

6) отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (некені бұзу) туралы куәлік.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?