Шартты ақшалай көмек «Өрлеу» ШАК

Шартты ақшалай көмек (ШАК)

 

Шартты ақшалай көмек (ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан (2017 жылғы 2 тоқсанда 13546 теңге) төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.

ШАК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 52 қаулысымен бекітілген «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына» сәйкес төленеді.

Үміткер «Өрлеу» жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғылықты жері бойынша орталыққа немесе ол болмаған жағдайда аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.

Орталық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі не ассистент үміткер өтініш білдірген күні оған «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары туралы консультация береді. Үміткер «Өрлеу» жобасына қатысуға келісім берген кезде орталық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі не ассистент әңгімелесу жүргізеді.

Әңгімелесу жүргізу кезінде:

1) ШАК алу негіздемесі;

2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына мұқтаждығы;

3) жеке мұқтаждықтарын ескере отырып, отбасы мүшелеріне олардың әлеуметтік бейімделу шаралары айқындалады.

Әңгімелесу нәтижелері бойынша орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша әңгімелесу парағы ресімделеді. 

Әңгімелесу парағына қол қойған үміткер орталық атқарушы орган бекітетін нысандарға сәйкес «Өрлеу» жобасына қатысуға өтініш пен отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырады, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

1) жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;

2) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) отбасы мүшесіне қамқоршылықтың (қорғаншылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (қажет болған кезде);

4) әр отбасы мүшесіне тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат немесе мекенжай анықтамасы немесе аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

5) орталық атқарушы орган бекітетін нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.

 

 

 

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?