Әлеуметтік жобалар

ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы 9 жыл көлемінде мүгедек жандар мен қарттарға арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін үекіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс жасауда.

2009 жылдан бастап ҮЕҰ арқылы арнайы әлеуметтік қызметтерді 7718 жандар алды. Бүгінгі күні облыс аумағында 17 ҮЕҰ жұмыс жасайды.

Жобаның мақсаты тұрғылықты тұратын жері бойынша жеке мұқтаждықтарына сәйкес мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық аурумен ауыратын жардарға, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балаларға, 1-2 топ мүгедектеріне және қарт адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету.

Ұйымның мамандары мүгедектерді әлеуметтік ортаға бейімдеу, шығармашылық белсенділіктерін арттыру сондай-ақ олардың психоэмоционалды жағдайын жақсарту мәселелері бойынша іс-шараларды жүргізеді.

ҮЕҰ әлеуметтік қызметтің 8 түрі көрсетіледі:

Әлеуметтік – мәдени;

Әлеуметтік – тұрмыстық;

Әлеуметтік – медициналық;

Әлеуметтік – псохологиялық;

Әлеуметтік – педагогикалық;

Әлеуметтік – экономикалық;

Әлеуметтік – құқықтық;

Әлеуметтік – еңбектік.

Сіз кім болып жумыс істейсіз?