Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын 2017 жылы жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

 

 

 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай

кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын 2017 жылы

жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат

        

Бағдарламаны іске асыруға 6 645,5 млн. теңге көзделген (түзетулерді ескере отырып) 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6 576,9 млн. теңге игерілді (99%).

  Бағдарламаға 15 494 адам (103,1%, жоспар – 15 021 адам), оның ішінде: жұмыссыздар – 65,8%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 34,2% (әйелдер – 40,9%, жастар – 59%, мүгедектер – 0,2%) қатысты.

Бірінші бағыт: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету»

Бюджет - 1 673,7 млн. теңге (ЖБ), 99,9% игерілді.

Тегін кәсіптік-техникалық білім беру талап етілетін 29 мамандық (техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық) үшін 33 колледж негізінде 1,730 адамды (100% қамту) қамтиды. Оқу мерзімі 3 жылға дейін. Жұмысқа ҰБТ тапсырмаған, оқу орындарына кірмеген және аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдар қабылданады. Әкімші - Білім беру басқармасы болып табылады.

Қысқа мерзімді курстарға 6,535 адам жоспарланған соның 7 366 адам (113%) жіберілді, 7244 адам оқуды аяқтады, 3385 адам (48,2%) - тұрақты жұмысқа орналасты.

Бағдарламаның қалған 3 393 қатысушысымен жұмыспен қамту деңгейін арттыру үшін жеке жұмыс жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың қараша айында халықты қысқа мерзімді оқытуға мүмкіндіктері шектеулі елді мекендерде (Семей қаласындағы электротехникалық колледж, Аягөз политехникалық колледжі) толық қамту үшін жылжымалы мобильді екі оқу орталығы сатып алынды.

Сонымен қатар, шалғай ауылдарда оқыту стационарлық үй-жайлар негізінде                      421 адам оқытылды. (Зырян, Аягөз, Күршім, Үржар аудандарында).

Семей қаласының мобильдік оқу орталықтары арқылы 42 адам оқытылды.

Бағдарламаға қатысушылар стипендия (16 579 теңге), 4 АЕК (9,076 теңге) және тұрғын үйге шығыстарды өтеу үшін 10 АЕК (22 269 теңге), сондай-ақ ТжКО оқушыларына арналған ыстық тамақ төлемдерін мемлекеттік қолдауды алады.

Екінші бағыт: «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»

Бюджет - 3,429,4 млн. теңге, оның ішінде:

1) Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларды шағын несиелендіру.

Қаржы – 2 331,0 млн.теңге, оның ішінде: несиеге – 2 081,0 млн.теңге, кепілдендіруге – 250,1 млн.теңге. Қамту жоспары - 260 адам.  Несие 2 шағын қаржылай ұйымдар арқылы берілді (Ауыл шаруашылығының  қаржылай қолдау қоры, Агронесие корпорациясы).

3) Қалалардағы шағын несиелеу. Әкімшісі -  Кәсіпкерлікті және индустриялық иновацияны дамыту  басқармасы боп табылады.

«Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму»  АҚ (980,6млн.теңге) екінші деңгейдегі банктерге қаржыны орналастырды: «Қазақстан халық банккі» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «АТФ банк» АҚ, «Сбербанк» ДБ АҚ, «Форте банк» АҚ, «Евразиялық банк»  АҚ, «Центр кредит банкі» АҚ.

Есептік кезеңге 476 шағын несие берілді ( 2 597,8 млн.теңге), оның ішінде ауыл ішінде 444 ( 2 174,8 млн.теңге)   және 61 кепілдік ( 88,8 млн.теңге), қала ішінде 32 несие, (294,5 млн.теңге) және 7 кепілдік (19,5 млн.теңге).

Анықтама. Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің 2017 жылғы                                21 қыркүйектегі  №3 қаулысына сәйкес Қалалы жерде несиелеу бағдарламасы механизмінің кеш іске қосылуына байланысты несиелеу уақыты 1 мамырдағы 2018 жылға белгіленген.

3) Оқыту  (ШҚО Кәсіпкерлер палатасы).

«Бастау бизнес» жобасының аясында кәсіпкерлік негіздеріне 1 313 адам оқытылды, жобаны 722 адам қорғады, 266 адам несие алды (36,8%). Қала және аудан әкімшіліктерімен 2018 жылға басым жобаларды  қаржыландыру мақсатында іріктеу жүргізілуде.

Үшінші бағыт «Халықты жұмыспен қамту арқылы еңбек нарығын және еңбек ресурстарын мобильділігін дамыту».

Бірінші компонент. Бөлінгенқаржы - 837,3 млн.теңге, игерілгені  99,9 %. 

Әкімші - жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы.
Бұл салада жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарындағы жобалар бойынша әлеуметтік әлсіз топтармен жұмыс жүргізілді.

971 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылды (147,3%, жоспар - 659), 1413 жастар тәжірибесіне жіберілді (136,2%, жоспар - 1 037).

382 отбасы қоныс аударды -1 264 адам (жоспар 398 отбасы немесе 1 210 адам), жол жүру субсидиялары (98,8 млн. теңге) және тұрғын үй шығындарын өтеуге субсидиялар (142,9 млн. теңге) толығымен төленді.

Екінші компонент. Екі қызметтік 60 пәтерлі үй салуға арналған (Шемонаиха

ауданы, Риддер қаласы) республикалық бюджеттен - 705,1 млн. теңге бөлінді.
          Тұрғын үйдің құрылысы 2018 жылы аяқталады.

Берілген қаражат 100% игерілді. Әкімші - құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Инфрақұрылымды дамыту шеңберінде жалпы трансферттер бойынша жинақталған қаражат есебінен 157,2 млн. теңгеге 28 әлеуметтік қорғау объектілерін ұстауға қаражат бөлінді, ал қаражаттың 100% игерілді. Жоспарнға сәйкес 71 жұмыс орындары  құралды, оның ішінде 50% жұмыспен қамту орталықтары арқылы - 41 адам.

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?