Жұмыс күші мол аймақтардан Шығыс Қазақстан облысына қоныстандыру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2015-2017 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту картасы әзірленді.

Осы картаның алдын ала нәтижесі бойынша кейбір ауылдық округтар еңбек ресурстарының жетіспеушілігін сезінуде. Бұл проблеманы 2014 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 1066 Қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының әрекет етуші ережесіне өзгерістер енгізу аясында  шешу белгіленді. Яғни, жұмыс күші мол аймақтардан (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстары) еңбекке жарамды азаматтардың жұмыспен қамту дәрежесі мен тұру жерінен тәуелсіз біздің облысқа қоныс аударуына мүмкіндік береді.

Осы мәселе бойынша біздің облыс бірінші жыл жұмыс атқарып отырған жоқ, яғни Ұлан (24 отбасы) және Тарбағатай аудандарында (56 отбасы қоныстандырылды) нәтиже бар, осы бағыт бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

2014 жылғы мамыр айында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктері және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі арасында жұмыссыз адамдарды қоныстандыру, сонымен қатар қоныс аударғысы келетін жастарды облыстың колледждарында оқыту мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды.

Облыстың қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін басым қалалар мен аудандары тізімі белгіленіп, облыс әкімімен бекітілді. Онда келесі критерийлер есепке алдынды: өңірлердің шекарамен шектесуі, халық санының азаюы, еңбек ресурстарының жетіспеушілігі. Осы тізімге 14 аудан (42 ауылдық округ) және Риддер қаласы енді.

Әр ауылдық округтің мүмкіндіктерін анықтау үшін бар тұрғын үйлер, бос жұмыс орындары, берілетін жер телімдері, білім және әлеуметтік саласынның әуқаттылығы туралы алдын ала мәліметтер анықталып, бірыңғай кестеге жинақталды.

Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында келесі мүмкіндіктер бар, яғни: 24 үй (133 пәтер) жалға алу, қозғалмайтын мүлік нарығында 360 жеке тұрғын үйлер және 60 пәтер, 4 үй жергілікті бюджет есебінен сатып алу, 24 жеке тұрғын үй жұмыс беруші есебінен алу, үй салуға 1445 сотық көлемінде жер телімдері беріледі. Сонымен қатар, қоныстанушыларға 643,8 мың га. жайылымдық, 13,3 мың га. егістік және 208,2 мың га. шабындық жерлер берілуге дайын. Кәсіпорындар мен ұйымдарда 751 орын және мемлекеттік мекемелерде 340 бос жұмыс орындары бар.

Электронды қоныстандыру картасы әзірленіп, осы сайтта орналастырылды.

Осы сайтқа біздің облысқа көшуге ынтасы бар кез келген адам кіріп, әр аймақтың ауылдық округқа дейінгі мүмкіндіктерін көріп, ыңғайлы өңірді таңдауға мүмкіндігі бар. Өз  жерінің жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіріп, ол біздің өңірдің сәйкес органына қоныс аударуға ынталы үміткердің мәліметтерін ұсынады, осы мәселенің оң шешімі жағдайында көшіп кететін өңірдің жұмыспен қамту орталығынан көшу үшін жолдама алады. 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?