Кәсіптік даярлау және қайта даярлау

Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізінде Жұмыспен қамту орталықтары еңбек нарығына қажетті мамандықтар мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады.

- кәсіптік қайта даярлау курстары сұраусыз мамандықтары бар жұмыссыздар үшін жүргізілетін болады, оқыту мерзімі 1 айдан 6 айға дейін.

Оқыту өткізілетін білім ұйымдары және мамандықтар тізімі бекітілді.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысу үшін өтініммен:

- халықты жұмыспен қамту орталықтарына;

- білім беру ұйымдарына;

- кәсіпкерлер Палатасының өңірлік филиалына;

- ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың және қалалар құрамындағы аудандардың әкімдеріне.

Өтініш берген кезде үміткер мынадай құжаттардың көшірмелерін тіркеп, қоса береді:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) еңбек кітапшасы (болған жағдайда);

3) білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ болған жағдайда, оқығанын растайтын құжаттар (куәлік, сертификат);

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. Денсаулық жағдайы туралы анықтама көшірмесі қатысушылардың тізіміне қосу туралы шешім қабылданғаннан кейін тіркеледі.

Оқытуды аяқтағаннан кейін алынған мамандық бойынша жұмысқа орналастыруға жәрдем жасалынады.

Барлық сұрақтар бойынша қала және аудандық Жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну қажет.

 

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?