2018 жылғы 1 қазанға әлеуметтік төлемдер бойынша ақпарат

Атаулы әлеуметтік көмек

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен (2018 жылғы                      3 тоқсандағы кедейлік шегі 14 797 теңге) аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын іске асыру басталды (ары қарай – АӘК).

2018 жылғы 1 қазанға деін ассистентер сұхбат жүргізген халық саны                        166 427 адам (37 138 отбасы), олардың арасынан АӘК 30 107 азаматқа                                (6 534 отбасына) тағайындалды, ол 2018 жылғы 30 156 адам қамту жоспарының                 99,8 % құрайды.

Жаңа форматтағы АӘК төлеуге республикалық бюджеттен 583,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 741,8 млн. теңге бөлінді.

Тағайындалған сома 1 141,5 млн. теңге, ол 2018 жылғы қаржыландыру қаражатының (1 325,5 млн. теңге) 86 % құрайды.

 Тұрғын үй көмегі

 2018 жылдың 10 ай ішінде тұрғын үй көмегі 6 406 отбасына тағайындалды, тағайындалған сома 160,0 млн. теңгені құрады. Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 2 497 теңге. Тұрғын үй көмегін төлеуге жергілікті бюджеттен 203,0 млн. теңге қарастырылған.

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?