2017 жылы облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініш-арыздар туралы жалпы мәлімет

Есепті кезеңде басқармаға 266 өтініш келіп түсті. Оның 213 жеке тұлғадан, 53 заңды тұлғадан.

153 өтініш ЕСЭДО арқылы облыс әкімінің аппаратынан келіп түсті,  «Нұр Отан» партиясынан - 12, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен - 2, ШҚО прокуратурасы органдарынан – 22. Азаматтардың өздерінен 21 өтініш келді.

Өтініштерде көтеріліп отырған мәселелер сипаты – жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік төлемдер, мүгедек құралдарымен қамтамасыз ету, аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй беру мәселелері бойынша (240 өтініш жалпы мәселелер бойынша және 26 өтініш жұмысқа орналасуға жәрдемдесу).

Келіп түскен 266 өтініштің 218-не түсіндіру берілді, 20 қанағаттандырылды, 15 – құзыреттілігі бойынша органдарға жіберілді.

Өскемен қаласынан 79, Семей қаласынан - 38,  Риддер қаласынан – 8.

Өтініш жазатын азаматтардың мәртебесі – зейнеткерлер, мүгедектер, аз қамтылған азаматтар, ардагерлер, жұмыссыздар, көпбалалы аналар, оралмандар.

Келіп түсетін өініштердің басым бөлігін БАҚ-тан және өзге де заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініш сұранымдар құрайды.

Мерзімі бұзылған жауаптар болған жоқ.

Басқарма басшылығы жеке қабылдауда 18 адамды қабылдады. Барлығына заңды түрде жауап берілді. Сондай-ақ басшы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен бірлесе отырып, азаматтармен кездесуге қатысты. Жыл басынан 6 кездесуге қатысты. Барлығына түсіндіру берілді. Басқармада азаматтардың өтініш-арыздары үшін арнайы жәшік орнатылған.

Сондай-ақ басқармада сенім телефоны жұмыс істейді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?