«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазым орындарына орналасуға өткізілетін мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

 

 

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазым орындарына орналасуға өткізілетін мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

 «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ, 070004,

ШҚО, Өскемен қаласы, Киевский көшесі, 1, 2 қабат, 209 кабинет,

анықтама телефоны 8 (7232) 75-32-22, электрондық пошта: s.koordinatsiya@akimvko.gov.kz. бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға ішкі конкурс жариялайды:

 

1. D-O-3 санаты –  Еңбек нарығын талдау және мониторингілеу бөлімінің басшысы, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 142 868 теңгеден 220 682 теңгеге дейін - 1  бірлік (05-01).      

            Жұмысының функционалдық бағыттары: Халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, қалалық және аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінің Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмысын үйлестіреді және оның орындалуын талдайды. Еңбек нарығын мониторингілеу бойынша жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттікстатистикалық және ведомстволықесептілікті  құружәнеөңдеу, еңбек нарығыныңкөрсеткіштерін талдау бойынша бақылауды жүргізу. Облыс ұйымдары мен кәсіпорындары жұмысшыларының босатылуын, жұмыс орындарын құру мен еңбек ресурстарының қажеттілігін бақылау. Әлеуметтік серіктестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия жұмысын үйлестіреді. Аумақтарды дамыту және «Жұмысмен қамту  2020 жол картасы» бағдарламасы индикаторларын орындауды жүргізуді бақылау. «Мақсаттарға және міндеттерге қол жеткізу» бағыты бойынша тиімділігін бағалау көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша  жұмысты қамтамасыз ету және мониторингілеу. Құзыретілігі бойынша  сұранымдар мен өтініштер  сапалы және уақтында орындау, облыс әкімінің тапсырмаларын жоғары органдардың актілерін,  орындауын қамтамасыз ету. Басқарма басшылығы өз құзыреті шегінде жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.  

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары «Әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес» (экономикалық, қаржылық, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), «Құқық» (заңгерлік, құқық қорғау қызметі), «Техникалық ғылыми және технологиялар» (стандарттау, сертификаттау және метрология), «Білім» (кәсіби оқыту, қазақ тілі мен әдебиет), «Қызмет» (әлеуметтік жұмыс).

            Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

            Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

       2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік                     30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

          Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннанкейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

          Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін ұсынады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге рұқсат алған кандитаттар оны «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді. Мекенжайы: Өскемен қаласы, Киевский көшесі 1,  Анықтама үшін телефон: 8(7232)75-32-22, электрондық пошта мекенжайы – s.adakova@akimvko.gov.kz. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

            «Б» корпусының мемлекеттік
 әкімшілік лауазымына  
 орналасуға конкурс өткізу
 қағидаларына 2-қосымша 
__________________________

                                                                                                        (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

      Мені ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

            Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

             Қоса берілген құжаттар:


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

 

 

 

________                                                                  ______________________________
  қолы                                                                                 (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?