«Б» корпусының уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазым орындарына орналасуға өткізілетін барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

 

 

«Б» корпусының уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазым орындарына орналасуға өткізілетін барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

 «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ, 070004,

ШҚО, Өскемен қаласы, Киевский көшесі, 1, 2 қабат, 209 кабинет,

анықтама телефоны 8 (7232) 75-32-22, электрондық пошта: s.koordinatsiya@akimvko.gov.kz. уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға ішкі конкурс жариялайды:

 

1. D-O-2 санаты –  Халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері жөніндегі басшысының орынбасары, лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылдарына қарай 163 166 теңгеден 220 682 теңгеге дейін - 1  бірлік (01-02) негізгі қызметшінің бала күту бойынша демалыста болуына байланысты 2020 жылғы 24 мамырға дейін.  

            Жұмысының функционалдық бағыттары: Ведомствоға бағынысты өңірлік бөлімдердің жұмыспен қамтуды үйлестіру және жұмыспен қамту орталықтары бөлігінде қызметіне жалпы басшылық ету және үйлестіру. Нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек нарығы қатысушыларының өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Өңірлік халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын орындауға бақылау жасау. Кәсіпорындардың және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек төлемінің талдауын жүргізу. Әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты үйлестіру. Жұмыс күшінің бәсекеге қақабілеттілігін арттыру бойынша, облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарында кадрлар даярлау мәселелерін зерделеу бойынша мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылығын  қамтамасыз етеді. Еңбек нарығын, кадрларға қажеттілікті, шетелдік жұмыс күшін тартуды болжау және талдау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж халықтың нысаналы тобының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Оралмандар иммиграциясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.  Басқарма басшылығы өз құзыреті шегінде жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары «Әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес» (экономикалық, қаржылық, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), емесе «Құқық», немесе «Қызмет» (әлеуметтік жұмыс) бойынша білім қажет.

            Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.  

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

      6) ғылыми дәрежесі;

      7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

       2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік                     30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

          Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннанкейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

          Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін ұсынады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге рұқсат алған кандитаттар оны «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өтеді. Мекенжайы: Өскемен қаласы, Киевский көшесі 1,  Анықтама үшін телефон: 8(7232)75-32-22, электрондық пошта мекенжайы – s.adakova@akimvko.gov.kz. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

            «Б» корпусының мемлекеттік
 әкімшілік лауазымына  
 орналасуға конкурс өткізу
 қағидаларына 2-қосымша 
__________________________

                                                                                                        (мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

      Мені ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

            Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

             Қоса берілген құжаттар:


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

 

 

 

________                                                                  ______________________________
  қолы                                                                                 (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

 

 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?