Уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070002, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, анықтама телефондары/факс: 8(7232)75-32-22, 75-40-43, s.koordinatsiya@akimvko.gov.kz   электрондық мекенжай, «Б» корпусына уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

Халықты жұмыспен қамту және көші-қон жөніндегі басшысының орынбасары 01-03 (негізгі қызметшінің бала күту бойынша демалыс мерзіміне 2020 жылғы 24 мамырға дейін), D-О-2 санаты (1 бірлік) жұмыс өтіліне байланысты 163 233 теңгеден 220 698 теңгеге дейін лауазымдық жалақысымен. 

Функционалдық міндеттері: Ведомствоға бағынысты өңірлік бөлімдердің жұмыспен қамтуды үйлестіру және жұмыспен қамту орталықтары бөлігінде қызметіне жалпы басшылық ету және үйлестіру. Нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек нарығы қатысушыларының өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Өңірлік халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын орындауға бақылау жасау. Кәсіпорындардың және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек төлемінің талдауын жүргізу. Әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты үйлестіру. Жұмыс күшінің бәсекеге қақабілеттілігін арттыру бойынша, облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарында кадрлар даярлау мәселелерін зерделеу бойынша мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылығын  қамтамасыз етеді. Еңбек нарығын, кадрларға қажеттілікті, шетелдік жұмыс күшін тартуды болжау және талдау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж халықтың нысаналы тобының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. Оралмандар иммиграциясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Басқарма басшылығы өз құзыреті шегінде жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: Жоғары «Әлеуметтік ғылыми, экономика және бизнес» (экономикалық, қаржылық, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау), «Құқық» (заңгерлік, құқық қорғау қызметі), «Қызмет» (әлеуметтік жұмыс).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Эссе жазу.

Жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай келуі тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына» қолма-қол тәртіпте, не почта арқылы, не s.koordinatsiya@akimvko.gov.kz   электрондық почта мекенжайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1)         «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)        тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

                   Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан  кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1, 209 кабинетке тапсырылуы тиіс.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 (бес) жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

            Анықтама телефоны: 8 (7232)75-32-22, s.abakova@akimvko.gov.kz

  

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

      __________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

      Мені______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына

       қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

      қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________                                          ____________________________________

       (қолы)                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      "___"_______________ 20 __ ж.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?