Отандастардың оралуы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы оралмандар мен көшіп келушілерді қабылдайтын өңір ретінде айқындалып отыр.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 72 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысына 2017 арналған оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 398 отбасына бөлінді, оның ішінде 300 оралман отбасы, 98 қоныс аударушылар. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 98,8 млн теңге қарастырылған.

Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығын негізге ала отырып, облыс әкімінің орынбасары төрағалық ететін оралмандарды қабылдаудың өңірлік комиссиясы құрылды.

Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген этникалық қазақ уәкілетті органға немесе Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішін береді.

Өтініштер Өскемен қаласы Киевская 1 мекенжайы бойынша 106 кабинетте қабылданады. Жауапты маман – көші-қон бөлімінің бас маманы Иксанова Дина Маулетхановна, электрондық мекенжай - D.Iksanova@akimvko.gov.kz

Анықтама үшін телефондар: 8 (7232) 75-32-99 көші-қон бөлімі

  1. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы»Заңы;
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» қаулысы;
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 «Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
  4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 72 бұйрығы.

 Оралман мәртебесін алу тәртібі

Оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары.

Оралман мәртебесін алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) оралман мәртебесін беру туралы өтініш;

2) өмірбаян (ерікті түрде);

3) өтініш беруші мен онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін (паспорттар, кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері);

4) ЖСН.

Оралман куәлігінің жарамдылық мерзімі 1 жыл

Оралман мәртебесін тағайындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды

Шығыс Қазақстан облысында оралман мәртебесін алу үшін Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1 мекенжайына 212-кабинетке жүгіну қажет.

Оралман мәртебесін алу бойынша анықтама телефоны 8-(7232)-75-32-99.

 

Сіз кім болып жумыс істейсіз?