Басқарма жөніндегі Ереже

Шығыс Қазақстан облысы   әкімдігінің

2016 жылғы  «___» __________

№       қаулысына  қосымша

 

 

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

ережесі

 

 1.     Жалпы ережелер

 

1. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын атқарушы орган болып табылады.

2. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесіөз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесімемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесіазаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесініңегер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесіөз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесініңқұрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітеді.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070002, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Киев көшесі, 1.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесініңқұрылтай құжаты болып табылады.

11. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесініңқызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінекәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесініңмиссиясы: мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды кешенді іске асыру, Шығыс Қазақстан облысы халқының әр түрлі жігі мен санаттарына сапалы әлеуметтік қызмет ұсыну. Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

14. Міндеттері:

1) нәтижелi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықты азайту, жұмыс орындарын ашуға ықпал ету;

2) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына  әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiру;

3) мүгедектерді оңалту жөніндегі жұмысты үйлестіру;

4) заңнамада айқындалған құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

5) заңнамада айқындалған құзыреті шегінде халықтың көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

        

15. Функциялары:

1) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізеді;

2) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

3) кәсіпкерлік бастамашылықты дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдау;

4) жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету;

5) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;

6) жұмыс күшіне қатысты бөлігінде сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, өңірдің еңбек нарығының жай-күйі туралы жергілікті атқарушы органдарға және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлайды;

7) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жекеше сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысады;

8) «Халықты жұмыспен қамту туралы»Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 17-бабына сәйкес жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастырады;

9) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

10)жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдардың жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұратады;

11) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізеді;

12)халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіреді;

13) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратады;

14) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту қатері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады;

15) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінің өлшемдерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен қарайды және келіседі;

16) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына  әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

17)ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың құқықтарын, олардың денсаулығы мен мүлкіне келтiрiлген залалды өтеуді қамтамасыз етеді;

18) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын-үй көмегін көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

19) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

20) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

21) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құружөніндегі шараларды және олардың қызметін,арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін,халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;

22) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

23) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдайды;

24) арнаулы әлеуметтік қызметтердің  кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің  тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады;

25) өз құзыретi шегiнде арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

26)облыс әкімдігіне мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарды құру туралы ұсыныс енгізеді;

27)мүгедектерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қолдау шараларын ұсынады;

28) мүгедектердi оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал етедi;

29) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастырады;

30) мүгедектердi оңалту жөнiндегi мамандарды, оның iшiнде ымдау тiлiнiң мамандарын, Брайльдiң бедерлi-нүктелiк қарпі бойынша оқитын және жазатын мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

31) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына және мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында медициналық, әлеуметтiк, кәсiптiк оңалтуды ұйымдастырады;

32) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуiн қамтамасыз етедi;

33) мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

34) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шараларды өткiзудi ұйымдастырады;

35) мүгедектердіңқоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп,мәдени-көпшiлiк және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

36) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

37) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді;

38) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi туралы ережені әзiрлейдi, үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiн құрады;

39) кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерiмен айналысатын мемлекеттiк ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;

40) ауыр кемiстiктерi бар балаларға күтiм жасау жөніндегі әлеуметтiк көмектi ұйымдастыру мен көрсету жөніндегі қызметтi үйлестiредi;

41) әлеуметтiк көмек алу және арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсетiлу құқығын іске асыруды қамтамасыз етедi;

42) кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларының құқықтарын қорғауды және оларға консультациялық көмек берудi қамтамасыз етедi;

43) кемтар балалардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседi;

44) өз құзыры шегiнде тиiстi бюджеттер есебiнен, қайырымдылық қорларының қаражатын тарта отырып, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды әлеуметтiк қорғау және олардың емделу орындарына жүру жолы (барып, қайту) жөнiнде жеңiлдiктер, сондай-ақ материалдық көмек пен көмектiң басқа да түрлерiн көрсету жөнiнде қосымша шаралар белгiлеудi үйлестіреді;

45) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

46) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға еңбек ресурстарының қажеттiлiгiн ескере отырып, iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аудару квотасын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

47) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

48) еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;

49) этникалық қазақтардан оралман мәртебесiн беру туралы қажеттi құжаттарымен қоса берген өтiнiштi қабылдайды;

50) этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;

51) оралман мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды;

52) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

53) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;

54) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

55) оралман куәлігін береді;

56) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;

57) жұмыс берушiлерге тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттарды бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;

58) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын шетелдiк қызметкерлерге халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында жұмысқа орналасуға рұқсаттарды бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және қайтарып алады;

59) бизнес-көшiп келушiлердiң уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтініш хат бередi;

60) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;

61) азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;

62) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

16. Құқықтары және міндеттері:

1. Мынадай құқықтары бар:

1) белгіленген тәртіппен облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардан«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар, қорытындылар, анықтамалық және өзге материалдарды сұрау және алу;

2) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өңірлік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және өзге де мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

3) құзыретінекіретін мәселелер бойынша ақпараттық материалдарды дайындау;

4) әлеуметтік қорғаудың тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағыобъектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссияның жұмысына қатысу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

2. Міндеттері:

1) бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты игерілуін қамтамасыз етеді;

2) жүктелген функцияларын орындау заңдылығының сақталуын қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.

 

3.     Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінебасшылықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынажүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесініңбасшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесібасшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесібасшысының өкілеттігі:

1) заңнамаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін және ведомстволық бағынысты ұйымдарының директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдарының директорларын көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

3) «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесініңбұйрықтарына қол қояды;

4) «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді, Басқарманың атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді және Басқарманың мүдделерін білдіруге сенімхаттар береді;

6) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылжөнінде қажетті шаралар қабылдайды  және оған дербес жауапты болады;

8) «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;

9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысыболмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21.Басшысыөз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттік органның мүлік

 

22. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесініңзаңнамамен көзделген жағдайлардажедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінебекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесініңөзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.                                          

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

25. «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінқайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесініңқарамағындағы ұйымдардың тізбесі

 

1.Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Аягөз балалардың  психоневрологиялық медициналық-әлеуметтікмекемесі»коммуналдық мемлекеттік мекеме.

2. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бозанбай психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі»коммуналдық мемлекеттік мекеме.

3. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Бородулиха қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі»коммуналдық мемлекеттік мекеме.

4. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Зимовьев психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі»коммуналдық мемлекеттік мекеме.

5. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Зевакин қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі  медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекеме.

6. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекеме.

7. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Өскемен балалар психоневрология медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

8. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Первомай қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі  медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекеме.

9. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Семей қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі»коммуналдық мемлекеттік мекеме.

10. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Риддер психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі»коммуналдық мемлекеттік мекеме.

11. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Самар қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі  медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

12. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Серебрянск қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

13. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Уба» шипажайы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

14. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Тарбағатай қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі  медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекеме.

15. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Өскемен қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі  медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекеме.

16. Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Үржар балалар психоневрология медициналық-әлеуметтік мекемесі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

17. Шығыс Қазақстан облысыжұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстықпротез-ортопедиялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?