«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталады

15 ақпанда «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталады.

Биылғы жылы аталған конкурсты өткізу мемлекеттік қызмет істері органдарының 20-жылдығын мерекелеуге арналатын болады.

Конкурсқа қатысуға әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ, сонымен қатар мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес мемлекеттік қызметшілер жіберіледі. 

Үміткер мемлекеттік орган (жұмыс беруші) арқылы немесе өздігінен құжат тапсыруға құқылы. 

Конкурс екі кезеңнен тұрады.

I кезең – өңірлік (облыстық) деңгей.

Екінші кезеңге қатысушыларды іріктеуді өңірлік конкурстық комиссия жүргізеді.

Өңірлік конкурстық комиссия Агенттіктің аумақтық департаменттерінің жанынан құрылады және қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ, мемлекеттік органдардың басшыларынан және басқа да тұлғалардың өкілдерінен тұрады.

Орталық мемлекеттік органдардың жұмысшылары конкурстың бірінші кезеңінен Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаментінен өтеді.

Аталған кезең, келесіден тұрады:

1) құжаттарды жинау (өтініш, сауалнама, уәждемелік эссе, қызметтік тізім) және олардың Агенттік белгілеген әдістемелік ұсынымға сәйкес нақтылығы мен толық толтыруын тексеру;

2) кандидаттардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуін тестілеу;

3) кандидаттардың ахуалдық мәселені шешу қабілетінің бағасы.

Бірінші кезеңді өткізу 2018 жылдың 10 сәуірінде аяқталады.

II кезең – республикалық деңгей.

Агенттіктің жанындағы Парламент депутаттарының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы өкілдерінің, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ және лауазымды тұлғалардың қатысумен республикалық конкурстық комиссияда іріктеу жүргізіледі.

Аталған кезеңде үміткерлер жеке жобалық жұмыс ұсынады. Жобалық жұмыста мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жаңарту ұсыныстары болуы тиіс. Бұл ретте, аталған ұсыныстардың экономикалық немесе әлеуметтік әсері көрсетілуі қажет.

Шешім арнайы әзірленген бағалау өлшемін қолдану арқылы дауыс беру жолымен қабылданады.

Екінші кезеңнің қорытындысы 2018 жылдың   10 маусымында шығарылады.

Конкурсты өткізу мемлекеттік қызметтің имиджін жоғарылатуға, мемлекеттік басқару жүйесінің үздік өкілдерін анықтауға және көтермелеуге бағытталған.

Толық ақпарат Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған арнайы Әдістемелік ұсынымда көрсетілген.

 

Сілтеме:  «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсыным

 

http://kyzmet.gov.kz/kk/news/kazakstan-respublikasynyn-uzdik-memlekettik-kyzmetshisi-respublikalyk-konkursy-bastalady

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?