«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына ПРЕСС-РЕЛИЗ

2018 жылғы 16 сәуірде Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойылды.

Заң Мемлекет басшысының келесі тапсырмаларына сәйкес әзірленді:

1) «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, еңбек нарығын жаңғырту және барлық бос жұмыс орындары мен барлық елді мекендер бойынша бірыңғай онлайн-платформақұру;

2) Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауында айтылған бірыңғай электрондық еңбек биржасын толық ауқымды енгізу;

3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 30 желтоқсандағы № 401 Жарлығы.

Заңның негізгі жаңалықтары:

1. жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын проактивті форматқа ауыстыру, жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің қатысуын кеңейту, Электронды еңбек биржасын құруды енгізе отырып, жұмыспен қамту қызметтерін жаңғырту;

2. қызметтерді жеңілдетумен жұмыспен қамту орталықтарын заңды тұлға нысанына ауыстыру арқылы жұмыспен қамту орталықтарын қайта құрылымдау;

3. көші-қон саласындағы ұлттық экономика, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің функцияларын және құзыреттілікітерін қайта бөлу жолымен көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың функцияларын ажырату болып табылады.

Заңның қабылдануыҚазақстан Республикасының халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру және дамыту қажеттілігіне негізделген.

Заңның қабылдануы теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға және мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарына әкелмейді.

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?