«Қол-саусақ жаттығулары» тақырыбында семинар

      23 қараша күні 2016 жылы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де тәрбиешілер Г.Т.Маныбаева мен М.О.Оспанова  «Мүмкіндігі шектеулі балалармен қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу әдістері» және дамуында ауытқушылығы бар балаларға ойын технологиясын пайдалану «Қол-саусақ жаттығулары» тақырыбында семинар өткізді.

     Семинардың мақсаты-ұйымдастырылған түзету іс-әрекеті үстінде балалардың қимыл-қозғалыс дағдылары мен қабілет мүмкіндіктерін пайдалана отырып оңтайлы қозғалтқыш режимін қамтамасыз ету.

     Қимыл-қозғалыс ойындары мен қол-саусақ жаттығуларын  меңгерту мен  дағдыларды бекіту мақсатында Орталықта күнсайын ойындар өткізіледі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әртүрлі қимыл-қозғалыс дағдылары мен әдеттерді орындауы бірнеше қайталау нәтижесінде қалыптасып, балалардың көңіл-күйі мен  жағдайларға байланысты күні бойы бірнеше рет қайталанып отырады.

     Семинар ойын түрінде қызықты өтті. Қимыл-қозғалыс ойындары өткізіліп,саусақ жаттығуларының жасалу әдістері қөрсетілді.

      Орталық мамандары семинардың практикалық бөліміне белсене қатысты.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?