«Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» мерекеленетінің хабарлаймыз

         Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіҚазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы»Жарлығына сәйкес, қазанның соңғы жексенбісінде «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» мерекеленетінің хабарлайды.

         Осыған байланысты әлеуметтік қорғау жүйесі мамандарының беделін арттыру, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ең үздік тәжірибені тарату мақсатында «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағын беру конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізіледі. Конкурс 2 кезеңнен, жеті номинация: «Үздік әлеуметтік қызметкер», «Зейнетақы жүйесінің үздік қызметкері», «Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің үздік қызметкері», «Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері», «Әлеуметтік саладағы  үздік менеджер-ұйымдастырушы», «Үздік МӘМ», «Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» бойынша өтеді.

         Бірінші кезең (іріктеу) ағымдағы жылдың 5-ші қазаннан 15-ші қазанға дейінгі мерзімде өтеді. Екінші кезең (Шешуші) ағымдағы жылдың 15-ші қазаннан 20-шы қазанға дейінгі мерзімде өтеді. Марапаттаудың салтанатты рәсімі 2016 жылы 28 қазанда Астана қаласында өтеді.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?