«Әлеуметтік қызметкерлер және еріктілер ассоциациясы» кадр мамандарының біліктілігін жоғарылату курсын өткізді

16-18 мамыр аралығында «Әлеуметтік қызметкерлер және еріктілер ассоциациясы» ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Е.Старенкованың бастамасымен ұйымдастырылған «Үміткерлерді дұрыс жинау және тиімді кадрлық менеджмент – көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын жоғарылатудың кілті» атты акцияның жалғасы болып табылатын Шығыс Қазақстан обылысының АӘҚКО мен ТО кадр мамандарының біліктілігін жоғарылату курсы өткізді.

Курсты өткізу барысында ШҚО Мемлекеттік еңбек инпекциясы басқармасы және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандары қатысты (Абакова С.М., Куандыков А.А).

Сабақтар барысында ҚР Еңбек Кодексінің негізгі жағдайлары қарастырылып, кадр мамандары жұмыс негізінде туындайтын мәселелер бойынша барлық сұрақтарға жауаптар алды.

Курс соңында ШҚО «Әлеуметтік қызметкерлер және еріктілер ассоциациясы» төрайымы К.Ш. Коккозева қатысушыларға сертификат табыстады.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?