«Өрлеу» шартты қаржылық көмек жобасы бойынша семинар-кеңес

     Өрлеу» жобасы бойынша 2017 жылға жасалған іс-шаралар жоспарына сәйкес Үлкен Нарын, Катонқарағай  ауылында  кеңесші, көмекшілермен семинар өткізілді.

     Семинар барысында 2015 жылғы 28 қазандағы №369 «Халықты әлеуметтік қорғау жайындағы мәселелер бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына түсініктеме жүргізілді. Бұл нормативтік құжат «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам» атты ұлт Жоспарын жүзеге асыруға бағытталған, оның бағдарлануын арттыру арқылы халыққа әлеуметтік көмекті оңтайландыруға бағытталған. Заң 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі отбасының әр мүшесіне шаққанда 50%-дан төмен табысы бар отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібін енгізуді қарастырады.

     Жобаны талқылауда «Өрлеу» жобасы бойынша облыстық, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттерімен белгіленген қаржылай көмекті енгізу 2017 жылғы республикалық бюджетпен ағымдағы мақсатты аударымдарды қолдану ережелері»  шартталған қаржылай көмек төлемдері жайлы түсініктеме берілді.

     «Өрлеу» жобасы бойынша кеңесші, көмекшілерге халық арасында тұрғындарға әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілердегі өзгертулер мен толықтырулар жайлы түсіндірме жұмысын қарқындату ұсынылды.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?