«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек жөніндегі, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне енгізілген жаңалықтарға байланысты әлеуметтік шиеленіс тәуекелінің алдын алуға байланысты ақпарат

«Өрлеу» жобасына ақпараттық сүйемелдеу бойынша 2017 жылға әзірленген  іс- шаралар жоспарына сәйкес, «Өрлеу» жобасының мүмкіндіктері туралы ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап мобильді топтар ауылдық  округтарға барып, тұрғындармен  түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.  Ново-Хайрузовка, Алтынбел, Солоновка,Улкен Нарын, Солдатово ауылдық округтерде, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне  жаңадан енгізілген жаңалықтарға байланысты,сонымен қатар 2018 жылдың 1 қатарынан бастап әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру туралы (төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға  арнаулы мемлекеттік  жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек) тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша ҚР бірқатар заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»  2015ж 28 қазанындағы № 369 ҚР Заңына  түсініктемелер берілді. Атап айтқанда, МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру), әйелдердің зейнеткерлік жасының ұзартуы, жаңа форматтағы АӘК (атаулы әлеуметтік көмек). Бұл мақсатта құрамында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  мамандары бар мобильді топтар құрылды.

Аудандық «Арай-Луч» газетіне «Өрлеу» жобасы бойынша ақшалай көмек туралы жобаға қатысу ережесін түсіндіруге бағытталған «Сұрақ-Жауап» мақаласы берілді.

«Өрлеу» жобасы бойынша ауылдық округтердің ассистентері мен әлеуметтік жұмыс кеңесшілерімен семинар өткізілді. Семинар барысында ассистентермен халықты аралап сауалнама жүргізіп, олардың мәртебесін анықтау бойынша мәселелер қарастырылды.. «Өрлеу» жобасына қатысушылардың  міндетті зейнетақы салымдары туралы сұрақтар да көтерілді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?