«Өзіңе өзің сен» мастер - класс

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің негізгі тапсырмаларының бірі болып, қарттардың жалғыздықпен, тұйық өмір салтымен күресуге, өмірді жаңа мағынамен толтыруға, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға көмектесу болып табылады.

«Зырян ауданы мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ-де 2017 жылдың 24-25 қаңтарында мүгедектер мен қарттарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік жұмыскерлер Құралай Икамбековна Нұрғалиева мен Тамара Алексеевна Горягина мастер-класс нысанында әдістемелік сабақ өткізді.

Мастер-классты өткізу мақсаты аулдық өлкеде қызмет көрсететін әріптестерімен жеке кәсіптік тәжіребиесімен бөлісу, жұмыс барысында пайдаланатын әдіс, тәсілдерімен бөлісу болды. Т.А. Горягина мен Қ.И. Нұрғалиева әлеуметтік жұмысшылармен практикалық сабақ өткізді. Олар үйде қызмет алушылармен өткізетін жаттығуларды, ойындарды көрсетті. Өз жұмысында әлеуметтік жұмысшылар жималы суреттерді немесе пазлдады, шағын доптарды, түймелерді, дәндерді, айналмалы суреттерді, сұлбаларды және т.б. қолданады.

Бұндай сабақтардың негізгі мақсаты қарт адамдардың болып жалпы өмір тынысын, назар бөлуді, есте сақтау қабілетін,  саусақтардың ұсақ моторикасын жаттықтыруды ми қабілеті мен өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын қолдау үшін арттыру табылады. 

Осы сабақтардың барлығы қарт аддамдардың көңіл-күйін көтереді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?