«Өз әлемінді аяла!» атты тәрбиелік іс- шара

«Өз әлемінді аяла!» атты тәрбиелік іс- шара

2017 жылы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ- нің «Шапағат» және «Балауса» топтарының дефектолог- мұғалімдері мен тәрбиешілері «Өз әлемінді аяла!» атты тәрбиелік іс- шара өткізілді. Бұл іс- шара «Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры» жыл сайын өткізетін – «Жер Сағаты» символды акцияны белсенді қолдау болып табылды. Бұл акцияға мүгедек- балалардың қатыстыру - олардың түсіну деңгейіне қарай біздің ғаламшарымызда өмірді сақтау қалу мәселесіне назарларын қызықтыру: балаларды туған өлкесі мен Ғаламшардың табиғатына ұқыпты қарау мен сүйіспеншілікті қалыптастыру, қарапайым табиғатты қорғау дағдылары мен табиғатта өзін қалай ұстау керек нормаларын қадағалау өте маңызды болып табылады. Бұл осы шараның басты мақсаты болды.

Іс- шараның басында мұғалімдер балаларға дүниежүзілік акция «Жер Сағаты» туралы айтып, түсінікті түрде оның негіщгі мотивтерін анықтады: бұл сағат ішінде адамдар бір сағат уақытын Жер шарына арнап, жақсы жұмыстар жасайды.

Балалар муызка әуеніне, біздің Ғаламшарымыздың суретін, түрлі түсті қағаздан көк жер шарының айналасында көптеген гүлдер, ағаштар, кемпірқосақ, күнмен безендірді. Серуен кезінде «Қалалық Орталық саябағында сенбілік» шағын акциясына қатысты. Өйткені, табиғатты ластамаса, біздің Жеріміз әрдайым таза да, жайқалған болады! Балалар қанатты достары үшін өз қолдарымен істелінген жем салатын астауларды ағаштарға ілді.

Мерекенің соңында үлкендер балаларды «Табиғатты қорғаушылар» атты әдемі медальдермен марапаттады. Біздің кішкентай табиғатты қорғаушылар Жер шарына деген махаббаттарын арнады!

Бұл акция аясында үйден қызмет көрсету бөлімшелерінде әлеуметтік қызметкерлер үшін мағыналы да, ақпаратты семинар өткізілді.