«Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі балалар арасында аудандық жекелей турнир өтті

       « Үржар  балаларға  арналған  арнайы  әлеуметтік қызмет  көрсету  орталығы» КММ Қазақстан  Республикасының 25 жылдығына  орай мүмкіндігі  шектеулі балалар  арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және  қол  күресінен  аудандық жекелей  турнир  өтті. Турнирдің  өткізілу  мақсаты: аталған  ойындарды  кеңінен насихаттау,  ойындардың  шығу  тарихымен  таныстыру, салауатты өмір  салтын дәріптеу.

       Жарысқа  барлық  мүмкіндігі  шектеулі, осы ойындарды  ойнауды  меңгерген  балалар қатыстырылды, соның  ішінде 11 бала орталық  тәрбиеленушілері.

       Іс-шараның ашылу  салтанатында орталық директоры  Р.Жанкүшікова мен дене шынықтыру  және  спорт бөлімінің  басышысы С. Қабдолданов жарысқа қатысушыларға сәттілік  тіледі. Бас  төреші  ардагер  ұстаз Қ. Мұсасарин қатысушыларды жарыстың  ережесімен    таныстарды. Жарыс өте  қызықты өтіп, Б.Манабаев, А. Журавлев, М. Несипбаева т.б орталық  тәрбиеленушілері  жеңімпаз  атанып, аудандық дене  шынықтыру  және  спорт бөлімі дайындаған  грамоталар  мен  бағалы  сыйлықтарға  ие  болды.

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?