«Асыл тас» драма үйірмесінің бағдарламасы мен тақырыптық жұмыс жоспары

     Мақсаты: тәрбиеленушілердің  рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;

Оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;

Ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

Көркем әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;

- көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;

- жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;

- актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.

Қаңтар айының 27 күні «Үржар балаларға арналған арнайы  әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ» де «Көзіме бір көрінсең бала ғашық» атты кеш өткізілді.

     Кештің мақсаты:Тәрбиеленушілерге махаббат,сүйіспеншілік ұғымдарының құндылығын ашу.Ата-анаға,дос-бауырға, туған жерге,ұстазға деген махаббат сезімін құрмет тұтуға баулу. Семей  ядролық  полигонының адамзатқа  келтірген зардаптары жайлы  мағлұмат беріп, осы  тақырыпқа  байланысты  жазылған «Мәңгілік  бала бейне» шығармасын сахналау.

     Кеш барысында тәрбиеленушілеріміз махаббаттың сан түріне арнап жазған ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. «Асыл тас» драма үйірмесінің тұсау кесері ретінде көрермен назарына жерлесіміз, жазушы әрі драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінен сахналық көрініс көрсетілді. Бұл көріністе «Жас өркен» тобының тәрбиеленушісі Советбекова Қырмызы басты рөлде кейіпкер Ләйланың бейнесін сомдаса,әңгімедегі басқа кейіпкерлердің бейнесін мамандарымыз Саметеева А., Жұмай С., Нысамбаева И., Турдахунов Е., Байсугурова Г. өте шеберлікпен ойнап шықты.Бұл қойылым мен кеш өте әсерлі өтіп,көрерменнің көңілінен шыға білді.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?