«Бағдарламаның жаңа құралдары мен тәсілдері» туралы семинар өткізіледі

Семинар мақсаты: еңбек ресурстарының сапасын және әлеуетінарттыру үшінсұранысқа ие кәсіптерге және дағдыларға оқыту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, еңбек делдалдығының тиімді моделін құру арқылы бағдарламаны іске асыруғақатысатын құрылымдар, жұмыспен қамту қызметі, сондай-ақ басқа сала бөлімдері, кәсіпкерлер палатасының филиалдары, шағын несие ұйымдарының мамандарына тұрғындармен, ұйымдармен, және жұмыс берушілермен жұмыс жасауды түсіндіру.

Семинарға қатысатындар қалалар және аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар болімдерінің, жұмыспен қамту орталықтарының басшылары мен мамандары, ауылдық округтердің әкімдері.

 

іс-шара өткізу барысында қарастырылатын сұрақтар

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау»

«Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту»

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бағдарламаға қатысушылар үшін микрокредит ұсыну тетігі

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредиттерге кепілдік беру тәртібі

Қалаларда бағдарламаға қатысушыларға микрокредиттерді және кепілдіктерді беру тәртібі мен шарттары

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және бизнес жобаларды сүйемелдеу қызметері  

Мемлекеттік қолдау шаралары арқылы еңбек нарығын дамыту

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру 

 

Өткізу орны: Өскемен қаласы, Казахстан көшесі, 102 уй (А.С. Пушкин атындағы кітапхана)

Басталуы:сағат9.00

Ұйымдастырушылар: «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ, ИП РИДЕС.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?