«Еңбек күні» мерекесін тойлау

«Еңбек күні» мерекесін тойлау

         

          Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру, өндірісі еңбегін мадақтау, жұмыс мамандықтарын насихаттау және жастарды өндіріс саласына тарту, жұмыс әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін күшейту, сонымен қатара Елбасының Жалпы Еңбектік қоғам құру ойын қолдау мақсатында ағымдағы жылғықыркүйек айы бойы облыс аумағында Еңбек Күні мерекесін тойлау бойынша іс-шаралар өткізілуде.

          Нақты іс-әрекеттер мен іс-шалалар жоспары, сондай-ақ  Еңбек Күні мерекесінің жалпы концепциясы әзірленіп, бекітілді. Солардың шеңберінде облыстың барлық өңірлерінде осы бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде.

          2015 жылғы 23 қыркүйек сағат 10-00-де «Үздік маман» атты екінші облыстық конкурсы өтті. Ағымдағы жылы конкурс өткізу үшін 5 жұмыс мамандықтары таңдалды: дәнекерлеуші, электромонтер, шаштараз-модельер, сылақшы және аспазшы. Конкурстар облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіби білім мекемелерінің базасында өтті.

          Облыстың кәсіби шеберлік конкурсында 115 адам қатысты, оның 94 адамы облыстың 60 кәсіпорындарының өкілдері, 18 адам 11 коллледждің өндіріс оқуының шеберлері, 3 адам өзін-өзі қамтығандар қатарынан.

          «Үздік маман» конкурсының жеңімпаздары:

1. Козырев Юрий Викторович – үздік дәнекерлеуші, «AES Шүлбі СЭС» ЖШС,  Семей қаласы;

2. Нұрмағанбетова Гульмира Тілеубекқызы – үздік сылақшы, «Семей Цемент зауыты», Семей қаласы;

3. Сафонова Марина Николаевна – үздік аспаз, «Производственно-торговая фирма «Гемма» ЖШС, Риддер қаласы;

4. Гутова Ксения Вячеславовна – үздік шаштараз-модельер, «Афина» әдемілік салоны, Риддер қаласы;

5. Чеботарев Владимир Юрьевич – үздік электромонтаждаушы, "Үлбі металлург зауыты" АҚ, Өскемен қаласы.

Өскемен қаласының Металлургтер мәдениет үйінде мүгедектердің мемлекеттік емес ұйымдарының және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы қатысушыларының қатысуымен өнімдер көрмесі өтті.

Іс-шараның ресми бөлімі өткізілді, конкурс жеңімпаздарын марапаттау, еңбек ардагерлері, білім мекемелерінің үзік түлектері, облыстың жас мамандарының үздік жетекшілері мадақталды.

Аталған іс-шарада «Еңбек ардагері» медалімен 3 адам, «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» Қазақстан Республикасының кәсіподақ федерациясының белгісімен 1 адам, Қазақстан Республикасының кәсіподақ федерациясының мадақты грамотасымен 3 адам марапатталды. Сонымен қатар, жастарға жетекшілік еткені үшін және кәсіби шеберлігі мен өз кәсіпорынының жетілуіне жауапты еңбек атқарғаны үшін 4 кәсіпорынның өкілдері грамоталар алды. Кәсіпорында үздік еңбек қорғанысын қамтамасыз еткені үшін 3 адам марапатталды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіби білім беру орталыгының 3 үздік түлектері аталып өтті.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?