«ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу

 

«ЭКСПО-2017» көрмесі Қазақстан үшін айтулы оқиға болды, сондықтан да, Семей қаласының зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ бұл іс-шарадан тыс қалмай белсене қатысты.

11 маусым күні  халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне 2 топ: ардагерлер тобы және  музыукалық жетекшісі Д.Ю.Лобанов басқаратын «Иртышаночка» (әлеуметтік қызметкерлерден тұратын ) вокалды тобы. 

Бұл сапарға дайындық жұмысының барлық қиыншылықтары директор Галина  Калиевна Дуксумбаеваның иығына түсті. Ол тамаша қаламыз Астанаға саяхаттың  ардагерлердің есінде мәңгілікке қалуын  және  барып –келудің ешқандай қиындықсыз жүзеге асуын қамтамасыз етті. Өзі вокзалдан шығарып салды,перронда ММ «Семей қаласының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар»  бөлімінің  жетекшісінің орынбасары А Самаевтың қатысуымен ардагерлер телевидение өкілдеріне   сұхбат  берді. Астана қаласына жеткенде бізді директордың тапсырмасымен бір күн бұрын ерте кеткен өз әріптестеріміз тосып алды. Демалушылар «Версаль»  отеліне тоқтады, онда дем алуға барлық жағдайлар жасалған.

Астана қаласы өзінің тамаша  сәулетімен таң қалдырды.     Барлық жерде   «ЭКСПО-2017» логопиті, жасыл киіз үйлер,Қазақстан республикасының  туы бейнеленген  көк жүрекшелер, гүл көмкерілген арқалар, ұлттық  әшекейлер топтамалары- « Болашақ энергиясы »  мамандандырылған көрмесінің арайын аша түскендей. Әсіресе ардагерлерді сфера пішіндес бес мың квадрат метр аумақты алып жатқан  Ұлттық павильон қызықтырды. Бұл шар тәріздес  диаметрі 80  метр болатын       әлемдегі   жалғыз ғимарат. Ішінде    болашақ энергиясының мұражайы, яғни космос , күн, жел, су энергия мұражайлары бар.

Көптеген елдердің павильондарын аралап (олардың саны 115), біз өз елімізді , өз Президентіміз Н.Ә. Назарбаевты  мақтан тұттық, себебі  осы «ЭКСПО-2017» көрмесі біздің еліміз бен Елбасымыздың беделін көтерері сөзсіз.Ең бастысы әлем онсыз алға дами алмайтын  инновациялық технологияға қадам басады.

Сапарға қатысушыларзейнеткерлердің әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының директоры  Галина Калиевна Дуксумбаеваға айтар алғыстары мол және ардагерлер  оралғанда оларды арнайы  көлікпен күтіп алып үйлеріне таратты.

 

Сіз кім болып жумыс істейсіз?