«Гүлдер әлемі» атты туған күн кеші

2017 жылдың 18 сәуір күні «Алина» кафесінде «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің 2 бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлері       мүмкіндігі шектеулі  балаларға арналған «Гүлдер әлемі» атты туған күн кешін өткізді.

Қызметкерлеріміздің арнайы шақыруымен  «Жастар сарайының» «Жас қанат» әншілер тобы туған күн иелеріне  арнап бірнеше әндерін орындады. Әлеуметтік қызметкерлер  би билеп, ән салып, сайқымазақ  рөлін ойнап,  туған күн кешіне келген балалардың көңілін бір серпілтті.

                  

Балалармен әртүрлі ойындар ойнатылып, барлық балаларға кішігірім сыйлықтар тарту етілді.   Алина кафесінің әкімшілігінің ұйымдастыруымен балаларға арнап демеушілік  көмек ретінде дастархан  жайылып, сонымен бірге қаламыздың «Хлебная  лавка» дүкеніде өз тәттілерін ұсынды.

2-бөлімшенің меңгерушісі Рашила Алиханқызы балаларға өз  тілектерін, жылы лебіздерін білдірді.  Ата-аналар кештің қызықты әрі көңілді өткендігін айтып, өз ризашылықтарын,  алғыстарын айтты.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?