«Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ

     «Көкпекті ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де 15 қыркүйекте 2016 жылы аналарға арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Қызмет алушы балалар өз өнерлерін  аналарына паш етті.

     Қызмет алушы балалар  Дюсупов Артем, Куликенов Темирлан, Бойкова Алена аналарға арналған өлең шұмақтарын оқып берді. Дюсупов Артем «Ай дидарлы анашым», еңбеке оқыту маманы Ақжігітов Талғат «Сенің анан алтын» әндерін шырқап берсе,  Кошелева Алина және Албекова Маржан «Танец с цветами»   биін биледі және үйде  қызмет алушы Сиянова Арайлым «Үнді» биін мың бұрала  билеп,  көпшілік көнілінен шықты.

     Қызмет алушы балалар аналарымен бірге әр түрлі ойындар ойнап, мерекеге арнап өз қолдарынаң жасалған түрлі-түсті қағаздан «Жүрек» құттықтауларын, гүлдерін аналарына   сыйлады.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?