«KARAGAILY» шипажайының базасында, зейнеткерлік жасқа толған жандарға арналған әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын бастамашылық ету жөнінде ХАБАРЛАМА

«Шығыс-Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» 133-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінен, қаржы және басқа ұйымдардан мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаны іске асыруға қызығушылық туралы баламалы ұсыныстарды тарту мақсатында «KARAGAILY»шипажайының базасында, зейнеткерлік жасқа толған жандарға арналған әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын (бұдан әрі – МЖӘ Жоба) бастамашылық ету жөнінде хабарлайды. 

Жоспарланған МЖӘ жобасын жүзеге асыруға мүдделі потенциалды жеке серіктестер өзі туралы негізгі ақпаратты көрсете отырып, осындай жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы балама ұсыныс ұсынады, оның ішінде:

-         потенциалды жеке серіктестің атауы және мекенжайы;

-          мемлекеттік меншігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін);

-         заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және потенциалды жеке серіктеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді;

-         Осы қағидалардың 130-тармағына сәйкес потенциалды жеке серіктеске тиесілі меншік құқығын немесе объектіге қатысты ұзақ мерзімді жалдауды немесе зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықтарын растайтын құжаттар.

Басқа да потенциалды жеке серіктестердің баламалы ұсыныстары техникалық  сипаттамасы бойынша осы хабарламада көрсетілгенге тең немесе одан жоғары болуы тиіс.

Баламалы ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Сонымен бірге, көрсетілген мерзім Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын баспасөз басылымында хабарлама жарияланған күннен бастап есептеледі.

Жобаға қатысу қызығушылық туындаған жағдайда  қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы ала аласыздар 8 (7232) 75-45-88,                                     e-mail: z.suleimenov@akimvko.gov.kz, мекенжайы: 070000, Өскемен қ., Киевская қ., 1, каб. 211, уәкілетті тұлға – Заңғар Молдабекұлы Сүлейменов.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?