«Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы» КММ-де өткізілген дөңгелек үстел туралы ақпарат

2017 жылдың 23 ақпанында «Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде дөңгелек үстел түрінде Катонқарағай аудандық №1 медициналық бірлестігі мамандарымен кездесу өтті.  «Отбасындағы мүгедек бала» тақырыбындағы дөңгелек үстелге жүйке жүйесі дәрігері Чингистаев К.З., балалар дәрігері Шаухина С.Б., тері аурулары дәрігері Имаммәди К., психолог Бошаева А.К.  және жартылай стационар мамандары мен әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Кездесудің мақсаты балалардың дамуындағы психологиялық ерекшеліктерінде туындайтын мәселелер және оңалту кезінде қолданылатын практикалық тәсілдер туралы білімдерін жетілдіру.

Кездесу барысында талма ауруы кезіндегі алғашқы көмек және оның түрлері, саңырауқұлақ ауруының алдын алу шаралары және емдеу туралы сұрақтар талқыланды. Психолог және балалар дәрігері мүгедек балалармен жұмыс бойынша кеңестер берді. Кездесуге қатысушылар ерекше балалармен жұмыс барысында кездесетін әртүрлі мәселелер мен аурудың түрлері туралы мағлұматтар алды. Барлық мекемелер тек белсенді және бірлесе отырып кешенді көпсалалы жұмыс атқарғанда ғана ерекше балаларды жан-жақты медициналық – психологиялық – педагогикалық әлеуметтік оңалту жүзеге асырылады.

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?