«Мейірім» айлығын қолдауға арналған іс-шара. Ағаштар отырғызу акциясы.

     Ағымдағы жылдың 1 қазанынан 1 қарашаға дейін облыста «Мейірім» айлығы жарияланды. Бұл біздің облысымыздың соғыс ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге және мүгедек жандарға жан-жақты материалдық көмек пен қолдау көрсету бойынша дәстүріміз.

     Бүгінгі таңда облысымызда 59 мыңнан астам мүгедек адамдар бар, оның ішінде 4,5 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі балалар. Облыс бойынша зейнеткерлер саны 225 мыңнан асады. Үлкен жастағы адамдардың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың  күндері жақсы болу үшін облыста бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

     Облыс аумағында қарттарға арналған 8 медициналық-әлеуметтік мекемелер қызмет етіп, онда 1120 егде жастағы адамдар қызметтер алуда. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы 725 зейнеткерлер арнайы әлеуметтік қызметтер алады. 250 орынға арналған «Уба» шипажайы тиімді жұмыс істейді. Онда жыл сайын 5750 ардагерлер мен мүгедектер өз денсаулықтарын түзей алады.

     Арнаулы әлеуметтік көмек алатын мүгедектер саны 5694 адамды құрайды, оның ішінде 2683 адам үйде көмек алатын болса, 358 адам жартылай стационар, 2653 адам стационар жағдайларында алады.

     «Мейірім» айлығына арналған іс-шараларға барлық нысандағы мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар, кәсіпкерлер, қоғамдық, діни бірлестіктер қатысуда. Қалалар мен аудандарда қарттар мен мүгедектерді қолдау бойынша шаралар, концерттер, басшылар көмегі өтуде.

      2016 жылғы 19 қазанда Сол жағалаудағы кешенде «Мейірім» айлығын қолдауға арналған акция өтті. Онда әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері, облыс және қала ардагерлер кеңесі, басқарманың ардагерлерімен бірге ағаштар отырғызу жұмыстарын өткізді. 40 ағаш отырызылды. Ағаштарды отырғызу барысында саябақтың білікті мамандарымен ұсынылған жаңа тәсілдер (технологиялар) қолданылды. Іс-шара ШҚО бұқаралық ақпарат құралдарымен  жарияланды.     

 

 



Сіз кім болып жумыс істейсіз?