«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» психологиялық тренингі

     2017 жылдың 25 қаңтарында  «Мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан психоневрологиялық паталогиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қатонқарағай аумақтық орталығы» ККМ-де жартылай стационар мамандары мен әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты психологиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты мамандардың эмоциялық көңіл – күйін көтеріп, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым - қатынас орнату, топтасып жұмыс жасау жүйесін дамыту. Тренингті жартылай стационар психологы Эльвира Касымканова өткізді. Мамандар арасында бір – біріне жылылық сыйлау мақсатында «Көрші», «Көңілді музыка», «Сиқырлы қобдиша» ойындары, «Сенімділікті арттыру» жаттығуы орындалып, екі топқа бөлініп, өз қызметтерінің ерекшелігі бойынша жоба жасалып, қорғалды. Барлық мамандар белсенділікпен қатысып, бір-біріне деген мейірімділіктерін сезініп, жақсы әсер алды.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?