«Мейірімді мамандық»

                                    «Мейірімді мамандық»

Кәрілікті жалғыз қарсы алу деген не? Бұл бір өзің болып сырқаттармен күресу. Бұл далаға нан алу дәрі-дәрмек алу үшін шыққанды қойып, пәтер ішінде бір бөлмеден екінші бөлмеге жетудің қиындауы. Бұл жақын адамдарыңның жаныңда немесе мүлдем болмауы. Осындай жағдайларда қарттарға көмекке әлеуметтік жұмыскер келеді. Көбіне әлеуметтік жұмыскер сыртқы әлеммен байланыстырушы буын, ертеңгі күнге сенім болып табылады. 

Зырян қаласында үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 210 жалғызбасты мүгедектер мен қарт азаматтар қамтылған, оларға 22 әлеуметтік жұмыскер үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Қартқа күнделікті азық-түлік сатып жеткізу, шаруаға көмектесу, дәрігерге дейінгі көмек көрсету, дәрі-дәрмек сатып алып жеткізу, коммуналдық қызметтерді төлеу, түрлі құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, учаскелік дәрігермен жұмыс істеу әлеуметтік жұмыскердің мойынына жүктеледі. Әлеуметтік жұмыскерлер өз қызмет алушыларының тұрмыстық мәселелерін шешуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар оларды жалғыздықпен күресуге көмектеседі.   

Біздің мамандығымыз туралы мына өлең жолдары анық айтылған: 

Мейірім толы жүрегінде

Туысқаныңа айналған

Қамқоршың болып күніге

Халық қамын ойлаған

Әлемде бар мамандық

Жанашырың болушы

Жат оған ыза, сараңдық

Әлеуметтік жұмысшы!

 

Сіз кім болып жумыс істейсіз?