«Менің президентім, менің Қазақстаным»

     Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2016 жылғы 30 қарашада күндізгі келу бөлімшесінің мамандары мүмкіндігі шектеулі балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқушылықтары бар адамдарға арналған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай танымдық іс-шаралар өткізілді.

   Танымдық іс-шарада Қазақстан Республикасының рәміздері – елтаңба және ту көрсетілді. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев туралы әңгіме және «Менің президентім, менің Қазақстаным» атты викторина өткізілді. Мерекелік іс-шара «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері» атты балалардың ұжымдық жұмысымен аяқталды.

      Танымдық іс-шара аяқталғаннан кейін шай ішілді.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?