«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

2018 жылғы 19 наурызда облыс әкімдігінің ғимаратында облыс әкімінің орынбасары Ә.Нүсіпованың төрағалығымен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «2017 жылдың қорытындысы және Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясындағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының негізгі міндеттері» алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске  қалалар мен аудандар әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері басшылары, жұмыспен қамту орталықтары директорлары, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Сонымен қоса облыстың ардагерлер кеңесі төрағасы         А. Шерубаев, жеке басқармалар басшылары қатысты.

2017 жылдың қорытындысы және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының негізгі міндеттері баяндамасымен басқарма басшысы Елена Васильевна Старенкова сөйледі. А. Шерубаев өз сөзінде Ардагерлер кеңесі басқармамен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің және зейнеткерлік жастағы адамдардың өзекті мәселелері бойынша тығыз байланыста жұмыс атқарады. «Отбасы орталығы» ҚҚ төрағасы Жанна Жагифаровна Жибраева қиын өмірлік жағдайға ұшырағын адамдардың проблемалық мәселелерін шешуде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жаңа түрлерін іске асыру жөнінде сөз сөйледі.

Облыс әкімінің орынбасары Ә.Нүсіпова басқарманың, жұмыспен қамту орталықтарының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жұмысының жұмыс қорытындысын шығарды және 2018 жылға міндеттер қойды. Қалалар мен аудандардың әкім орынбасарлары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаевтың төрағалығымен өткен азаматтардың статусын өзектендіру жөніндегі селекторлық кеңеске қатысты.



Сіз кім болып жумыс істейсіз?